Осы ғасыр аяғына таман туысқандар қарасының сирейтіні айтылды
Осы ғасыр аяғына таман туысқандар қарасының сирейтіні айтылды
12 ай бұрын 1033 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Халықаралық ғалымдар тобы (Германиядағы Макс Планк атындағы демографиялық зерттеулер институты, Аргентинадағы Буэнос-Айрес университеті, Нидерландыдағы Амстердам жоғарғы оқу орны) туысқандар арасындағы қарым-қатынас пен эволюциялық байланысты зерттей келе XXI ғасыр аяғына таман жер бетіндегі әрбір адамның туысы өткен ғасырдың орта шеніндегі көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай азаятынын алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы PNAS мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұған қоса, отбасы құрамында да елеулі өзгерістер орын алады: ата мен әжелердің және туыстарының қарасы көп болғанымен олардың немерелері мен жиендерінің, сондай-ақ, бөле бауырлар мен әпкелі-сіңлілі ағайындар саны едәуір азяды. Егде жастағы адамдар қарасының көп болуына туу көрсеткішінің кемуі мен өмір сүру жасының ұзаруы секілді факторлар әсер етпек. Мұндай үрдіске ең алдымен күллі әлем бойынша демографиялық ахуал әсер етеді. 2024 жылдың қаңтар айындағы мәліметке қарағанда, әлем халқының саны 8 млрд адамнан асқан, дәлірегі, 8,09 млрд-қа жеткен. 1970 жылға дейін әлем халқы гиперболалық заң бойынша өсті, ал 1988 жылдан бастап өсу қарқынының баяулағаны байқалды. Дегенмен, абсолютті түрде халық саны қарқынды өсуде. Алайда, Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, 1994 жылдан 2014 жылға дейін 60 жастан асқан адамдардың саны екі есеге өскен: әлемде бес жасқа дейінгі балаларға қарағанда қарт адамдар көп. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі БҰҰ-ның 2022 жылға және 1950 жылдан 2100 жылға дейінгі кезеңге арналған, қайта қаралған Дүниежүзілік демографиялық перспективалар есебінің мағлұматтарына негізделген. Ғалымдар математикалық моделдерді пайдалана отырып, планетадағы әрбір адамға шаққанда орта есеппен белгілі бір туыстар санының өзгеретінін анықтап білді. Сонымен, 1950 жылы орташа есеппен 65 жастағы әйелдің 41 тірі туысы болған болса, 2095 жылы бұл тараптағы көрсеткіш - осы жастағы әйелдің мұндай туыстарының саны 25-тен аспауы мүмкін. Яғни,  туыстар саны 38 пайызға азаяды деген сөз. Отбасы институты секілді құндылықтар мәнін жоя бастаған Солтүстік Америка мен Еуропада 65 жастағы және 1950 жылы 25-ке жуық туыстары болса, 2095 жылға қарай осы жастағы әйелдің 15,9 туысы ғана болады. 

0 пікір
Мұрағат