Өсімдіктердің өзара тілдескені таспаға тартылып қалды (видео)
Өсімдіктердің өзара тілдескені таспаға тартылып қалды (видео)
11 ай бұрын 3413 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Флора «өкілдері» де өзіндік жолмен өзара «тілдесетін» болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы ScienceAlert мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өсімдіктер адам көзіне көрінбейтін ұшпалы органикалық қосылыс түзеді немесе бөледі. Өзара тілдесу үшін немесе қандай да бір қауіп төнгенде қорғаныш үшін. Жапониядағы Сайтам университетінің молекулалық биологтері бұл тетіктің қалай жүзеге асатынын анықтауға талпынған екен. Күншығыс елінің білікті мамандары бұл бағыттағы тәжірибе барысында өсімдіктердің бірнеше түрін пайдаланып, оларды бір-біріне жақын орналастырды. Содан кейін олар өсімдіктің бір бөлігін зақымдады - мысалы, жапырақтарына қауіпті құрттарды отырғызды, сосын олардың реакциясын бақылады. Зақымдалған өсімдіктердің бірнеше минут ішінде ұшпалы заттарды бөліп шығарғаны белгілі болды, көрші өсімдіктермен сигналдар алмасу арқылы тілдескен - жапырақтары арқылы өтетін кальций сигналдарының жарылыстарымен жауап берді. Сигналдарды байқау үшін ғалымдар Arabidopsis thaliana түрінің өкілдерін (күнделікті өмірде бұл өсімдік қарапайым арамшөп ретінде белгілі) «тонировкалады», содан кейін оларды флуоресцентті микроскоптың көмегімен бақылады. Оның көмегімен жоғарыдағы және астындағы кадрлар түсірілді. Құрылғы өсімдік жасушаларының қауіп сигналдарына кезең-кезеңімен қалай әрекет ететінін көрсетті

0 пікір
Мұрағат