Өрт кезінде отқа оранған ғимаратқа кіре алатын дрон құрастырылды (видео)
Өрт кезінде отқа оранған ғимаратқа кіре алатын дрон құрастырылды (видео)
1 жыл бұрын 958 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Швейцарияның федералды материалдар мен технологиялар зертханасының (EMPA) және Лондонның Империал колледжінің ғалымдары өрт кезінде жақын маңдағы оттың неден тұтанғанын анықтай алатын, яғни, өрттің себебін тауып, талдай алатын, ыстыққа төзімді ұшқышсыз ұшақ құрастырды. Бұл жайында islam.kz порталы empa.ch ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл өзгеше құрылғы өрт сөндірушілерге құтқару жұмыстарын оңтайландыруға көмектеседі, яғни, дәлірегі, өрт сөндірушілерді жұмысын жеңілдетіп, қатерге басын тігуден құтқарады. Өздеріңіз білесіздер, өрт сөндіруде дронддар бұрыннан пайдаланылып келеді. Соның ішінде дронның көмегімен зәулім ғимараттарға шлангі тартылады. Дрон көмегімен су шашады, шалғайдағы орман немесе дала өртіне қарсы қолданады. Алайда, дронды осы уақытқа дейін қауіпсіз жерден ғана пайдаланып келген еді, яғни, алаудың ортасына дейін бармайтын. Қйткені, дронның өзі жанып кетіп, істен шығу қаупі басым болатын. Зерттеушілер бұл бағытта отқа жақын жұмыс істегенде құрылғының электроникасын қызып кетуден қорғайтын дрондар үшін арнайы жабу материалын әзірледі. Ол аэрогелді болып келеді, толығымен дерлік ауамен толтырылған кеуектерден тұратын мейлінше жеңіл материалды, полиимидті пластик деп аталатын полимерлі заттың аз мөлшеріне инкапсулирленген. Композиттік материал полиимид пен кремния диоксидінен тұрады, сонымен қатар, шыны талшықтармен нығайтылған. Құрылғыны сынап , тексеріп көру үшін өртті қолдан жасап, дронның жұмысын қадағалап көрді. Жаңа материалмен қапталған дрон жақсы ұшады, ал корпусы мен электроникасына алау оттың ортасында да жақсы жұмыс істеген. FireDrone құрылғысының электроникасы, тепловизор камерасы және көмірқышқыл газының сенсорлары бұзылмаған. Құрылғы құтқару жұмыстарының тиімділігін арттыру және құтқарушылар үшін ықтимал қауіпті болдырмау үшін өрт сөндірушілер ғимаратқа кірер алдында маңызды ақпаратты жинай алады. Инженерлер құрылғының тек өрт кезінде ғана емес, сонымен қатар, өте төмен температурада да жақсы жұмыс істейтінін, сондықтан, оны полярлық миссиялар кезінде пайдалануға болатынын атап өтті.

0 пікір
Мұрағат