Орман-тоғайдың маңында тұратын адамның құрдастарына қарағанда 2,5 жас болатыны анықталды
Орман-тоғайдың маңында тұратын адамның құрдастарына қарағанда 2,5 жас  болатыны анықталды
1 жыл бұрын 1185 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар жасыл желек жамылған аймақта тұратын адамдардың биологиялық (табиғи) жасының орман-тоғай мен саябақтан қашық тұратын адамдарға қарағанда орташа есеппен алғанда 2,5 кіші болатынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы plus-one ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта ғалымдар 924 адамның деректерін талдаған екен. Олардың үйінің маңындағы ағаштар санын да ескерген. Содан соң ақпаратты олардың қан талдамаларының нәтижесімен және өзге де параметрлермен салыстырып көрді. Дәлірегі, адамның биологиялық жасынан хабар беретін ДНҚ молекуласының модификациясын сараптамадан өткізді. Нәтижесінде үйі бес шақырым радиуста 30% орман-тоғаймен қоршалған адамдардың биологиялық жасы жасыл желегі жұтаң өңірде тұратындарға қарағанда кіші болып шыққан.

0 пікір
Мұрағат