|
Орман өртінен қауіпті канцероген бөлінеді
|
Стэнфорд университетінің ғалымдары орман өртінің топырақтағы металдарды адамдар тыныс алатын ауадағы канцерогенге айналдыратынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Хром табиғатта үш валентті түрінде [Cr(III)] кең таралған, ол адам денсаулығына әжептәуір қауіп төндіреді. Дегенмен, Cr(III) молекулалық оттегімен тотығудың баяу жылдамдығы Целсия бойынша 200 градус жоғары температурада үдеп, улы, алты валентті Cr(VI) жылдам генерацияланады, яғни, қалыптасады. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі өрт кезінде топырақтың 35% Cr Cr(VI) дейін тотыға алатынын көрсетіп берді. Зерттеушілер Калифорниядағы орман өртінен түрлі уақытта бір жылдан кейін жиналған топырақ пен күл үлгілеріне талдау жасады. 11 ай өтсе де желмен тасымалданатын ұсақ бөлшектер түріндегі улы металдың концентрациясы жоғары болып, келісіне шаққанда 327-13100 микрограммға жеткені белгілі болды.