Оқушыларды роботтар алмастыратын болады
Оқушыларды роботтар алмастыратын болады
1 жыл бұрын 1642 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Роботтар тек жұмысшы күшін ғана алмастырмайды, сонымен қатар, оқушыларды да алмастыра алады. Жапония мектептерінде өзіне сенімсіз оқушылар сабаққа орнына роботты жібере алады. Билік білім беру саласында осындай жобаны енгізу арқылы белгілі бір себептермен (мәселен, буллинг, әлімжетттік, қорыну (комплекс ұстау), т.б.) мектепке барудан қорқатын оқушыларды қоғаммен етене араласуына, өзгелермен тілдесуіне ынталандыруды көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Виртуалды сабақ өзін өзгелерден төмен санайтын оқушылардың өз-өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға көмектеседі деп есептейді мамандар. Робот-оқушы сыныптарды еркін аралай алады, сабаққа қатысады, сыныптастарымен тілдесуге мүмкіндік береді. Күншығыс елінің Кумамото қаласындағы екі робот оқушыларға қашықтан дәріс алуына көмектеседі. Мұндай роботтар микрофонмен, динамикамен және камерамен жабдықталған. Осы робот арқылы оқушы қашықтан сабаққа қатысып қоймай, сонымен қатар, түрлі тақырыпта қозғалған пікірталасқа да қатыса алады. Қалалық білім беру кеңесі негізінде мұндай қадамға жұқпалы індет пандемиясына байланысты енгізілген карантиннен кейін оқушылардың мектепке сирек келуіне орай барып отырғанын мәлімдеді. Егер 2018 жылы 1283 мектеп жасындағы бала білім ошақтарына бармаса, 2022 жылы олардың саны 2760-қа артқан. Аталған елдің білім министрлігінің мәліметі бойынша 2021 жылдың наурыз айынан 2022 жылдың наурызына дейінгі аралықта Жапонияда 244 940 бастауыш және орта мектеп оқушылары 30 немесе одан да көп күн сабаққа бармаған. Ал сарапшылардың айтуынша, 2027 жылы балалар оқу жылының ары кеткенде 30%-да ғана мектеп қабырғасында болмақ. Мұғалімнің орнын да робот басатыны айтылған. Жасанды зерде технологиясы әр оқушының болмысы мен темпераментін, мінез-құлқын, қарым-қабілетін ескере отырып, білім берудің тың тәсіліне көшеді.

 

0 пікір
Мұрағат