Омыртқа өсіруге арналған, биологиялық тұрғыдан ыдырайтын имплант жасалды
Омыртқа өсіруге арналған, биологиялық тұрғыдан ыдырайтын имплант жасалды
1 жыл бұрын 1012 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Курчатов институты мен Петровский атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының ғалымдары омыртқаларды біріктіру үшін қолданылатын биологиялық ыдырайтын импланттарды жасап шығарды – бүгінде медицинада ыдырамайтын имплантаттар қолданылады, олар орнатылған адам денесінде біржола қалып қояды және ауырсыну мен қолайсыздық тудыруы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Омыртқа имплантаты негізінен хирургиялық операция кезінде орнатылатын және ауру немесе жарақат салдарынан зақымдалған іргелес омыртқалардың қосылуын қамтамасыз ететін, жойылған омыртқа аралық дискіні алмастыратын биологиялық ыдырайтын материалдан (полилактид) жасалған конструкция. Нәтижесінде омыртқалар осы тормен байланысады, ол ақырында сүйек тінімен ауыстырылады. Полилактидті торлар операциядан кейінгі кезеңде толығымен ыдырайды және алғашқы сынақтар бұл биологиялық тұрғыдан ыдырайтын имплантанттың 500 келіден асатын салмаққа төтеп бере алатынын көрсетті.

0 пікір
Мұрағат