Өлім жазасы тек ат төбеліндей алпауыт елдердің еншісі ме?
Өлім жазасы тек ат төбеліндей алпауыт елдердің еншісі ме?
7 жыл бұрын 4374 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жуырда белорус соты екі адамға, дәлірегі, 2009-2015 жылдар аралығында жалғызбасты адамдардың сеніміне кіріп, олардың пәтерін, өзге де жылжымайтын мүліктерін тартып алған "қара риелторлар" - Игор Гершанков пен оның сыбайласы Семен Бережныйды өлім жазасын кесті. Бұл өз кезегінде халықаралық қауымдастықтың наразылығын тудырды. Құқық қорғау ұйымдары белорус билігінен өлім жазасына моратория жариялауды талап етті. Айта кетейік, Белоруссия - Еуропада өлім жазасы қолданылатын жалғыз ел. 1996 жылы жалпы халықтық референдумда ел тұрғындарының 80,5%-ы өлім жазасын қолдап, дауыс берген болатын. Ал батыс елдеріне келетін болсақ, бұл мәселеде екіұшты стандарт ұстанып отырғандығын баса айта кету керек. Ең алдыңғы қатарлы "демократиялы" ел саналатын АҚШ-тың өзінде өлім жазасы қолданылады және жиі қолданылатын мемлекеттердің бірі. Тіпті, өлім жазасына кесілгендер саны бойынша көш бастап тұрған елдердің бірі десек те болады. Аталған мемлекете ел тұрғындарының жартысынан көбісі өлім жазасын қолдап отыр.  Саясаттанушы, шығыстанушы, «Собрание» қоғамдық бірлестік қауымдастығының жетекшісі Мұхаммед Сәлиәһетдин диктаторлық және автократиялық елде өлім жазасын енгізу қауіпті екенін жеткізді. Өйткені, олар аталған жазаны өздерінің қарақан бастарының мақсатына қолданып, репрессия жүргізуі мүмкін екенін тілге тиек етті. Яғни, қарсыласын тұқырту үшін саяси құралға айналдырып алуы ықтимал.  Осылай дей келе ол еуропалық екіұшты стандартты тағы бір мәрте секе салып өтті. Мәселен, 77 адамның өмірін қиған норвегиялық террорист, өмір бойы бас бостандығынан айырылған аты-шулы Андерс Брейвик ботандықта жүргендердің өзі қызығатын жағдайда абақтыға жабылғанын тілге тиек етті. Барлық жағдайы жасалған: екі бөлмелі пәтерге бергісіз бөлмені бір өзі иемденеді, алдында компьютер, теледидар, т.б. Әрі масыл болып, салық төлеушілердің ақшасына "семіріп" жатыр. Батыс елдері өздерін демократиялы екенін көз қылып көрсету үшін адам ақылына сыймайтын осындай қадамдарға барып отырғанын да жеткізді. Сарапшы өлім жазасының қадым заманнан бар екенін айта келіп, оны қолданудан қашудың қажеті жоғын алға тартты. 

0 пікір
Мұрағат