Өлгеніне 95 жыл өтсе де күннің алғашқы сәулесінен көзі ашылады (видeо)
|
Сицилияның Палермо елді-мекеніндегі шіркеуді капуциндердің монахтық орденінің мүшелері салған болатын. Бұл шіркеудің аты тек өзгеше сәулет өнерімен шығып қана қойған жоқ, сонымен қатар, аталған ғибадат ғимаратының ұрасында 2000-нан аса мүмия сақталған. Мұнда Розали Ломбардо есімді баланың мүрдесі бар. Ол екі жасында, яғни, өткен ғасырдың жиырмасыншы жылы өкпе қабынуынан көктей солған еді. Әкесі Марио қызының қазасына қабырғасы қайысып, сүйегін жер қойнына бермей, сол қалпында сақтауды жөн көреді. Осы мақсатта балзамдаушының көмегіне жүгінеді. Бақилық болғанына бір ғасырға жуықтаса да қыздың денесі бүлінбеген. Бір қызығы, оның көздері ашылып-жұмылады. Мамандар бұл құпияның сырын сәуле түскенде пайда болатын оптикалық құбылыспен байланыстыруда.