Нью-Йорктегі люктер қандай жағдайда жасалатынын көрсең... (фото)
Нью-Йорктегі люктер қандай жағдайда жасалатынын көрсең... (фото)
6 жыл бұрын 3237 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Үндістанның Батыс Бенгалия провинциясына қарасты Калкутта қаласына жақын орын тепкен Ховрах қаласындағы құйма цехында күні-түні алаулаған оттың, түтіннің ортасында жұмысшылар қызған темірді қалыпқа құйып жатады. Цех дейтін аты ғана, әйтпесе, қораға ұқсайтын бұл орында құйылған люктер әлемнің талай елінде үлкен сұранысқа ие. Мұндағы жұмысшылардың жалын мен оттың шарпуынан беттері мен жалаңаш денелері тотығып кеткен. Әлемдегі ең бай қалада пайдаланылатын люктерді америкалықтар бағасы арзан әрі техникалық сатаптарға сай болған соң сатып алады. Мәселен, АҚШ-та жасалған люrтерге қарағанда үнді люктері 60 пайызға дейін арзан. Жарытып жалақы да алмайтын үнді жұмысшылары адам төзгісіз жағдайда құйғанына қарамастан. Америкалық болат балқытушылар сағатына табатын табысты (сағатына шамамен 25 доллар) үнді жұмысшылары бір тәулікте табады. Shakti Industries құйма зауытынан шыққан люктер тек Нью-Йорк қаласында ғана емес, сонымен қатар, АҚШ-тың Жаңа Орлеан мен Сиракуза қалаларында да пайдаланылады. 

0 пікір
Мұрағат