Нью-Йоркке арналған әуе таксиі жаппай шығарылады (фото+видео)
Нью-Йоркке арналған әуе таксиі жаппай шығарылады (фото+видео)
2 жыл бұрын 1276 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америкалық Midnight компания тік ұшатын электрлік ұшақтың өндірістік үлгісін ұсынды. Компания 2025 жылы жеке клиенттер үшін алғашқы рейстерді орындайтынына уәде беріп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы archer.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. eVTOL өндірушісі Archer Midnight ұшағының алғашқы өндірістік үлгісін көрсетті. Ол ұшқыш пен төрт жолаушыға арналған және әуе такси ретінде пайдаланылады. Компания 2024 жылдың соңына қарай нормативтік сертификат алуды және 2025 жылы жолаушылармен ұшуды бастауды жоспарлап отыр. Әуе кемесін оның кең қанаттарына бөлінген қозғалыс жүйелеріне орнатылған 12 ротор басқарады. Артқы алтауында жоғары бағытталған екі қалақша бар және олар көлденең ұшу кезінде ең аз кедергімен конфигурацияға бекітіледі. Алдыңғы алтауы бес қалаөшадан тұрады және круиздік ұшу үшін толығымен алға қарай еңкейтілуі мүмкін. Салон төрт жолаушы мен ұшқышқа шақталған. Ол кіру және шығу өте оңай болатындай етіп жасалған. Арнайы панел әрбір жолаушының аты мен баратын жерін көрсетеді, ал панорамалық терезелер кең көріністі қамтамасыз етеді. Құрастырушылар Midnight әуе таксиінің жылдамдықты сағатына 241 шақырымға дейін арттыра алатынын және зарядтаусыз 160 шақырымға дейін ұша алатынын, сондай-ақ,  шамамен 600 м биіктікте ұша алатынын хабарлады. Компания eVTOL-ті қала бойынша қозғалыс құралы ретінде пайдаланады. Ол 32 шақырым қашықтыққа дейін екі жақты, яғни, екі бағытқа жүру үшін оңтайландырылған, содан кейін зарядтауға 10 минут кетеді.

eVTOL Midnight. Сурет: Archer

 

eVTOL Midnight салоны. Сурет: Archer

0 пікір
Мұрағат