Nuwa қаламы қолжазбаның кез келген түрін оңай цифрлайды (видео)
|
Электрондық құрылғылардың басымдық алып келе жатқанына қарамастан көпшілігі әлі де компьютерде теруден гөрі қолмен жазғанды қолай көреді. Олар үшін Nuwa Pen деп аталатын гаджет әзірленді. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол классикалық қалам форматында жасалғанымен арнайы кіріктірілген тетіктердің арқасында қолмен жазылған мәтінді лезде цифрландыруға мүмкіндік береді. Құрылғының аналогтардан (ұқсас түрлерінен) басты айырмашылығы - оны арнайы қағазға ғана емес, қарапайым қағазға да жазуға болады. Өзгеше қаламды дәл осы аттас голландиялық стартап жасаған. Ол ұзындығы 150 миллиметр алюминий қорапта шығарылады және ауыстырылатын D1 форматындағы сия картридждерін пайдалануды ұйғарады. Төменгі жағында үш камера және IR жарық диоды бар, сондықтан қаламды айнала күңгірт кезде де пайдалануға болады. Қалам Arm Cortex M4 чипімен жұмыс істейді және мәтінді тану және оның сандық нұсқасын Bluetooth LE протоколы арқылы мобилді қосымшаға жіберу үшін арнайы әзірленген бағдарламалық құралды пайдаланады. Ақпарат аталған компанияның серверінде сақталады. Қаламның өзінде 2 ГБ кірістірілген жады бар. Сақталған мәтіндерден қажетті фрагменттерді (үзінділерді) іздеуге, сондай-ақ, жазылғанды бөлісуге болады. Әзірлеушілер гаджеттің кем дегенде 100 қосымшалар мен платформалармен үйлесімділігін қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Қалам 100 мАч батареямен жұмыс істейді, зарядтағышқа 15 минут қосылу 2 сағат жұмыс істеуге жеткілікті. Қаламның салмағы - небәрі 28 грамм. Қазіргі уақытта қаламды Kickstarter сайтында 197 долларға алдын ала тапсырыс беруге болады. Бонус ретінде қолдаушылар арнайы мүмкіндіктерге және үш ауыстырылатын сия картриджіне жылдық жазылым алады. Содан кейін Nuwa Pen 329 долларға және жазылымы айына 2,99 долларға саудаға шығарылады.