Nutraponics гидропоникалық шағын мұнарасы қала тұрғындарын жеміс-жидекпен, көкөніспен қамтамасыз етеді (видео)
Nutraponics гидропоникалық шағын мұнарасы қала тұрғындарын жеміс-жидекпен, көкөніспен қамтамасыз етеді (видео)
1 жыл бұрын 891 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Nutraponics Garden Tower cтартапы азық ететін көкөніс пен жеміс-жидекті пәтердің өзінде өсірудің тәсілін ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күнделікті дастарханға қоятын жеміс пен көкөністі сатып алып, ақша шығармайсыз. Ал бұл құрылғының құны тамшылатып суғару жүйесіне арналған минералды тыңайтқыш мен көшеттен тұрады. Яғни, тыңайтқыш пен көшетті ғана сатып аласыз. Nutraponics Garden Tower-тың басты артықшылығы аталмыш жүйенің әмбебаптығы. Бәсекелес құрылғылардан айырмашылығы - олар белгілі бір зауыттары бар дайын қымбат картридждерді сатып алуды талап етпейді. Пайдаланушы гидропоникалық мұнараға арналған торлы кәстрөлдер жинағын алады да қалаған өсімдігін (көлемі мен бойының ұзындығы келетінін) отырғыза алады. Бұл жүйе тыңайтқыш қосылған суды төменгі жағындағы резервуардан алып, автоматты режимде өсімдіктің тамырын суарады. Сақиналардың сыртқы жағында күн сәулесін имитациялау үшін жарықдиодты сәуле шығарғыштар орнатылады, олар түрлі өсімдіктің өсу режиміне қарай реттеледі. Мұнараның әр қабатында жасыл пияз, құлпынай, көк және т.б. үшін 20 шағын ұяшықтар бар. Сіз кез келген биіктіктегі және құрамдағы мұнараны «тұрғыза» (жинай) аласыз. Nutraponics Garden Tower-дің сұйықтықтың жай-күйін басқару (реттеу) мүмкіндігі бар, температура сенсорлары және рН деңгейі жоғары. Жүйе үнсіз жұмыс істейтіндіктен, шу шығарып мазаламайды және оны смартфондағы қолданба арқылы басқаруға болады. Гидропоникалық мұнараның құны деңгейлер санына және жарықтандыру жүйесінің болуына байланысты 399 доллардан 899 долларға дейін өзгереді.

0 пікір
Мұрағат