Nissan-ның жаңа бояуы, тіпті, тікелей күн сәулесі астында тұрған көліктердің өзін 12 градусқа салқындатады (видео)
Nissan-ның жаңа бояуы, тіпті, тікелей күн сәулесі  астында тұрған көліктердің өзін 12 градусқа салқындатады (видео)
3 ай бұрын 939 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өткен жылдың қараша айынан бастап Токио мегаполисіндегі Ханеда әуежайында жаңа, жоғары технологиялық бояумен (жабынмен) қапталған Nissan NV100 көлігіне сынақ жүргізілуде. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Инновациялық бояу немесе жабын күні бойы тікелей күн сәулесінің әсеріне ұшыраған кезде де көлікті пассивті түрде салқындатады. Бұл бағыттағы тәжірибе барысында көлік ішіндегі температура сол үлгідегі кәдімгі көлікке қарағанда 5℃-қа төмен, ал сыртқы жағы - 12℃ дейін. Белгілі болғандай, ерекше бояудың құрамында ұсақ бөлшектердің екі түрі бар: олардың біріншісі инфрақызыл сәулені шағылыстырып, көліктің қызып кету деңгейін төмендетеді. Ал екіншісі «автомагниттік толқындар тудырады», олар көліктен энергияның көп бөлігін тікелей ғарышқа бағыттайды. Бұл тетіктің қалай жұмыс істейтіні беймәлім. Мұндағы кілтипан басқада еді - жабынның бірінші нұсқасының қалыңдығы 400 микрон, бір жыл жұмыс істегеннен кейін оны 120 микронға дейін азайтуға болатын болса да бұл көрсеткіш 20 микроннан тұратын әдеттегі автокөлік бояу қабатынан әлдеқайда көп. Қаптаманың жылу мен энергияны толығымен шағылыстыруы үшін жолында ешқандай кедергі болмауы керек, сондықтан бояуға қорғаныш лак қолдануға болмайды. Осыған байланысты бояу кез келген әсерден өз тиімділігін тез жоғалтады. Осыған байланысты Nissan-ның білікті мамандары мен сарапшылары жабынның неғұрлым тұрақты нұсқасымен жұмыс істеуде, сонымен қатар оны жаңартылатындай етіп жасауға талпынуда.

0 пікір
Мұрағат