Нидерланд пойыздары желден қуат алатын болады
Нидерланд пойыздары желден қуат алатын болады
8 жыл бұрын 3505 inform.kz

Нидерландтың барлық темір жол құрамы жел электр стансаларының қуат көзіне ауысты. Голландиялық пойыздардың жел электріне ауысуы - еуропалық мемлекет үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін айтулы оқиға болды. Нидерланд - пойыздарды жел электр стансалары өндіретін қуатпен жүргізу технологиясын енгізген алғашқы ел. Пойыз 200 шақырым жол жүруі үшін генератор бір сағат қана жұмыс істесе болғаны. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады. 

Шотландия қатарынан төрт күн тек қана желден өндірілген қуатты пайдаланды

Өткен жылы Шотландия энергетика саласында екі жаңа рекорд орнатты. Жел электростансалары елдің қажеттілігін толық қамтамасыз ететін электр қуатын төрт күн қатарынан 23-26 желтоқсан аралығында өндірді. Шотландия бұған дейін де  өзін 100 пайыз желден өндіріген қуатпен қамтамасыз ете алатын, алайда, бұл бір тәуліктен аспайтын. Осы уақытта тағы да бір рекорд жаңартылды. Мереке қарсаңында жел стансалары 74 мың мегаватт-сағат қуат өндірді, бұл елге қажетті электр қуатының 132 пайызы, деп хабарлайды energylivenews.com. Дүниежүзілік жабайы табиғат қоғамының шотландиялық бөлімшесінің директоры осы жетістіктер «Шотландияның экологиялық энергия көздерін пайдалану саласындағы қарышты прогресін айшықтайды» деп атап өтті.

Жасыл энергиямен жүзетін катер Жерді айналып шықпақ

Жаңартылатын энергиямен жүзетін әлемдегі алғашқы катер алты жыл ішінде Жерді айналып шығуға әзірленуде. Саяхат Францияның Бретени қаласынан 2017 жылдың көктемінде басталып, алты жылға созылады, деп жазады Associated Press. Energy Observer катері 1983 жылы жасалған және желкенді кайықтар жарысында жақсы жетістіктерге жетіп келген. 2015 жылы шкиперлер: Фредерик Даирель пен Викториен Эруссар, сондай-ақ аквалангышы Жером Делафосс оны жаңартылатын отынмен ғана жұмыс істейтін әлемдегі алғашқы катерге айналдырмақ болып шешті. Осы бастаманы жүзеге асыруға 5,25 млн доллар және бір жыл уақыт кетті. Қазір 30,5 метрлік катердің борт жүйесі мен электрқозғалтқышына қуатты күн панельдері мен жел генераторлары береді, сондай-ақ, олар аккумулятор батареяларын қуаттайды. Бұдан басқа, Energy Observer электролиз арқылы сутегіден қуат өндіреді. Алты жыл ішінде кеме 50 елге барады деп күтілуде. Катер бірінші жолы Парижге аялдайды, ал сапар барысында 101 қала мен порттарға бармақ. Саяхат барысында жиналған мәліметтер отындық сутегі бөлшектерін жетілдіру үшін LITEN ғылыми зерттеу институтына беріледі.

 

0 пікір
Мұрағат