Neo P1 биоинженерлік өсімдік әдеттегі гүлдерге қарағанда ауаны 30 есе жақсы тазартады
|
Француздық Neoplants стартапы Neo P1 ауаны тазартатын биологиялық құрылғыны әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұшпа органикалық қосылыстарды аулау үшін арнайы жасалған потос өсімдігінің генетикалық модификациясының алдында ауаны техникалық тәсілмен тазартатын құралдар дәрменсіз, олар, мәселен, өрт кезінде ауаны тез тазарту үшін ауыр әрі қатты бөлшектерді заласыздандыратындай етіп жобаланған. Ал француздық стартап бойынша әзірленген өсімдік бәсің әрі баяу жұмыс істегенімен тәулік бойы тоқтамайды. Француз генетиктері Neo P1-ді өсімдіктің формалдегидті, бензолды, толуолды және ксилолды ыдырататын ферменттер өндіруге мүмкіндік беретін гендермен қамтамасыз етті. Ол көмірдің аналогы (ұқсасы) болып табылатын биокөмірдегі арнайы пайдалы микробтарды қолдану арқылы газдарды сіңіріп, оларды Neo P1 түбірлік жүйесіне тасымалдай алады. Оған арнайы күтім жасаудың қажеті жоқ, айына екі мәрте суарып тұрса, жеткілікті.