НАТО басқармасындағы имам
НАТО басқармасындағы имам
6 жыл бұрын 3242 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Британ қарулы күштерінің сапындағы мұсылмандардың тұңғыш капелланы, имам Асим Хафиз батыс елдерінде өршіп тұрған исламофобиялық дерттің өршіп тұрғанына, геосаяси жағдайдың ушығып тұрғанына қарамастан Ұлыбритания қорғаныс министрлігінің ислам мәселелері жөніндегі бас қолбасшының кеңесшісі болып тағайындалды. Британ әскеріндегі имамның мансабы 2005 жылдан бастау алады: сол кезде армияға штатта имам ваканциясына байқау жарияланып, Асим Хафиз таңдап алынды. Имамды Британ әскерінде қызметі үшін сынға алғандар да болған. "Мұсылмандарға қарсы армияның құрамында мұсылмандардың болғанын мақұлдады" деген айыппен. Ал имамның өзі бұл айыптаудың негізсіз екенін айта келе өзінің жұмысы әскер қатарындағы әрбір мұсылманмен жеке жұмыс істеуге саятынын жеткізді. Бұл жайында ArabNews ақпарат көзі хабар таратты. "Егер адам британ армиясына келсе, бұл өзінің иманын жоғалтқанын білдірмейді. Армияда қызмет ететін адамның өз құндылығы бар, бұл құндылық ислам құндылығымен үндес" деді ол өзін сынағандарға қайтарған жауабында. 

0 пікір
Мұрағат