Насанасын 800 метр радиуста жоя алатын лазерлік қару жасалды (видео)
|
Қытай ғылым академиясының жанындағы Сиандық оптика және дәлме-дәл механика институты ZKZM-500 лазерлік қару жасап шығарғандарын жаһанға жар салып, жария етуде. Бұл жайында South China Morning Post ақпарат көзі хабар таратты. Аталған қару жасаушылардың айтуынша, оның нысанасын жою аумағы, яғни, радиусы 800 метрден асады. ZKZM-500 шыққан сәулеленуден терінің сыртқы қабаты күйіп қалады, тіпті, жаудың киімін өртеп жіберуге қауқарлы. Ал киім тез тұтанатын матадан тігілсе, онда адам шешініп үлгермей тұтас жанып кетуі мүмкін. Сондай-ақ, бұл қару жаудың көру қабілетінен уақытша айыра алады. Қару батареясының қуаты ұзақтығы екі секундтан аспайтын мыңнан аса атуға толық жетеді. Ал аккумуляторын қуаттап алуға болады бұл аралықта. Ең қатерлісі, бұл қарудың қай тұстан атылғанын ешкім сезбей де қалады. Бұл қарудан өлетіндер мен зардап шегетіндер кәдімгі қаруға қарағанда анағұрлым көп болмақ. ZKZM-500-дің құны шамамен 15 мың доллар. Десе де қытай ғалымдары адамды қырып-жоятын лазерлік қару жасауға құлшынып отырмағандарын жеткізген. Бұл лазерлік қарудың көмегімен жаудың жанар-жағармай құйылған багын зақымдап, өртеуге болатынын жеткізді. Осылайша жауды залалсыздандыруға болады. Лазерлік қарудың салмағы шамамен 3 келі тартады. Әзірге қарудың техникалық сипаттары мен құрылымы құпия ұсталып отыр. Бұл қарудың алғашқы шығарылымын қытайдың террористерге қарсы бөлімшесінің сарбаздары пайдаланатын болады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Lockheed Martin 2021 жылға қарай АҚШ ұшақтарында лазерлік зеңбіректер орнатуға уәде беріп отыр. Ұшақ бортындағы лазерлік қондырғылар, тіпті, сынақтан өтіп те қойған. 1980-ші жылдары стратегиялық қорғаныс бастамасы (US Strategic Defense Initiative) аясында. АҚШ-тың қарулы күштері алғашқы лазерлік қаруды 2023 жылы жаппай пайдалана бастайды. Бұл технология жау тарапынан төнген қауіптің бетін көп шығынданбай қайтаруға көмектеседі - бір лазерлік ату құны бар-жоғы 1 долларға бағаланып отыр.