Нанопластик организмге өзімен бірге ауыр металдарды ала кіреді
|

Нанопластик бұрынғы ойлағанымыздай емес, әлдеқайда қауіпті болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы ACS ES&T Water мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяудағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, пластиктің ұсақ бөлшектері тірі организмдерге денсаулыққа зияны шаш-етектен ауыр металдарды өзімен бірге ала кіреді. Дәлірегі, нанопластик организм үшін жат элемент қана емес, улы заттарды тасымалдаушы бөлшек. Нию-Жерси технологиялық институтының ғалымдары нанопластиктің қорғасын немесе кадмий секілді ауыр металдарды өзіне тартып ұстайтын қабілеті барына көз жеткізген. Осылайша адам организіміне ауа, ас-су арқылы еніп, тіндерге улы заттарды таратады. Ғалымдар бұл бағыттағы тәжірибе үшін кәдімгі пластик қалдықтарды пайдаланды — полиэтилентерефталаттан жасалған құтылар, полистиролдан жасалған қаптамалар және полипропиленнен жасалған контейнерлер. Тұз арқылы қарапайым ұнтақтау әдісі 200 нанометрден кіші, пішіні мен құрылымы әрқалай наноблшектерді алуға мүмкіндік берді — олар табиғатта шынымен кездесетіндер. Бұл зерттеу синтетикалық, жұп-жұмыр нанобөлшектер қолданылатын өзге зерттеулерден ерекше – барынша табиғи ортадағы нанобөлшектер пайдаланылды. Белгілі болғандай, мұндай күлдей ұсақ бөлшектер бір минут ішінде ауыр металдармен байланысқа түсе алатын болып шыққан. Әсіресе, полипропилен бар-жоғы бес минут ішінде қорғасын иондарының 99%-дан астамын өзіне тартып ұстап қалған. Бұл нені білдіреді? Бұл – тірі организм жасушасына нанобөлшектер қауіпті бөлшектерді тасымалодай алатын көлік есебінде қызмет атқаратынын білдіреді. Нанопластик адамның жүрегінен бастап, бауырынан, қанынан, құрсақтағы шақалақтың шуынан, ерлердің ұрығынан табылғаны белгілі. Олар тіндердің патологиялық ұлғаюына жол беріп, қабыну процесін тудырады. Енді ауыр металдардың зардабы әлдеқайда ауыр болмақ. Осыны ескреген ғалымдар нанопластиктің экология мен медициналық қауіптілігін қайта бағалаудан өткізуді дабыл етіп қаға бастады.




