Мұздақтардың еруі тәулікті ұзартатыны белгілі болды
|
Жердің айналу жылдамдығы азайып келеді. Бұған адамзаттың ойсыз әрекеттері себеп болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы PNAS мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Гренландия мен Антарктидағы мұздақтардың еруі планетадағы күрделі өзгеріске алып келеді. Судың полярлық аймақтан экваторға ығысуы тәулікті ұзартады. Цюрих жоғарғы техникалық мектебінің ғалымдары компьютерлік моделді пайдалана отырып, антропогендік фактордан (адамзаттың әрекетінен) жердің барлық жүйесі зардап шегетінін анықтады. Бенедикт Соджа есімді профессор XX ғасыр ішінде жер ғаламшарының айналу жылдамдығы 0,3-тен 1 миллисекундқа дейін ауытқығанын атап көрсетті. XXI ғасырда, яғни, қазірдің өзінде бұл көрсеткіш секундқа шаққанда 1,3 мс дейін өскен, ал атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшерінің одан ары артуы бұл процесті 2100 жылға қарай секундына 2,6 мс-қа дейін жылдамдатуы мүмкін. Мұндай өзгерістер уақыт дәлдігіне тәуелді GPS жүйелерінің, интернеттің және қаржылық операциялардың жұмысына кері әсерін тигізіп, зардабы ауыр салдарға ұрындыруы ықтимал.