Мұсылман жігіті ғарышқа жолдама ұтып алды (ВИДЕО)
Мұсылман жігіті ғарышқа жолдама ұтып алды (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 3067

24 жастағы Хусейн Манавер (Hussain Manawer) есімді Британия тұрғыны, ютубер (видео түсіріп, YouTube ресурсына жариялайтын адамды айтады – ред.) 2015 жылғы «Планетаның жарқырап шығып келе жатқан жұлдызы» атты бүкіл әлемдік жастар форумы бәйгесінің жеңімпазы атанып, Біріккен Ұлттар Ұйымының жас буынның психикалық мәселелері жөніндегі елшілері алдында баяндама жасауға шықырылған болатын. Сондай-ақ, ол «Ғарышқа саяхат» наградасына ие болған еді – "XCOR Aerospace» ұйымдастыратын ғарышқа сапар шегу мүмкіндігіне ие болды. Осылайша жер атмосферасынан 103 шақырым қашық биіктікте самғап қайтады. Хусейн әлеуметтік тәжірибелерімен және көңіл көтеретін бейне сюжеттерімен танымал болған еді. Оның он мыңнан аса жазылушысы бар. Біз сөз етіп отырған жігіт аталған байқауға жастардың басындағы күрделі ахуалды, өмірдегі бағыт-бағдарынан айырылғаны, т.б. турасында сөз ететін видеоларымен көзге түсті. Ол ғарышқа ұшпас бұрын алдымен бір жыл бойы арнайы дайындықтан өтеді. Ғарышқа сапары 2017 жылға жоспарланып отыр. 

0 пікір
Мұрағат