Мұсылман елі аумағынан қатерлі гибрид табылды
Мұсылман елі аумағынан қатерлі гибрид табылды
3 жыл бұрын 2890 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Малайзияға қарайтын Борнео аралынан жұмбақ тіршілік иесі – күміс лангур (Trachypithecus cristatus) мен мұрынды маймылдың (Nasalis larvatus) аса сирек кездесетін қосындысы (гибриді) табылды. Бұл жайында islam.kz порталы Newsweek ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұрынды маймылдың дене тұрқы лангурларға қарағанда ірі келеді:  еркегінің бойы 76 сантиметрге дейін жетіп, салмағы 24 келіге дейін тартады. Ал лангурлар еркегінің бой ұзындығы - 56 сантиметр, салмағы – 6,6 келі. Ғалымдардың пайымдауынша, мұрынды маймылдар ит тұмсығы өтпейтін ну ормандағы (жунгли) тіршілік ету ортасы үшін қатал күрес пен қатаң бескелестікте өзінен шағын маймылдарды ығыстырып, олардың жойылуына себепкер болуы мүмкін. Әдетте гибридтік түрлер салыстырмалы түрде жиі кездеседі – туыс түрлер арасында, ал алыс туыстар арасында мұндай жағдай мыңнан бір рет кездесуі мүмкін. Жабайы маймылдардың туысаралық гибриді малай елінің аумағынан байқалған. Гибрид түрлер хромосома қызметінің бұзылуынан ұрпақ өрбіте алмайды, яғни, бедеу болып келеді. Бір қызығы, Малайзия жерінен табылған мына (суретте – ред.) гибрид маймылдың баласы бар. Байқасаңыздар, ұрғашы маймылдың сүт безі ұлғайған, яғни, баласын емізіп, сүтпен қоректендіріп жүр. Ғалымдар көп ұзамай гибрид маймылдың ДНҚ-н зерттеуге кіріседі. Десе де мұндай гибридтің пайда болуы ғалымдарды алаңдатып отыр, бұл экологиялық тепе-теңдік жүйесінің бұзылуынан хабар беруі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат