Мүйізтұмсық қоңызы сияқты қанаттарын қаға алатын робот жасалды (видео)
Мүйізтұмсық қоңызы сияқты қанаттарын қаға алатын робот жасалды (видео)
5 ай бұрын 649 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мүйізтұмсық қоңызының айрықша қабілеті бар: ол бұлшықеттерді пайдаланбай артқы қанаттарын жайымен жазып, қайта жинайды. Ғалымдар жәндіктердің ұшу ерекшеліктерін зерттей отырып, қанатын  жайымен жазу арқылы ұша алатын титтей робот жасады. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл тарапта микророботтың қанатын серпу арқылы жайып, жинауына (бүгуге) көмектесетін серпімді сымды пайдаланды. Бұл бағыттағы тәжірибе барысы көрсеткендей, қанат қағу кезінде пайда болатын орталық тепкі күші қанаттың көтерілуіне әсер етеді. Ұшатын жәндіктердің қанаттары нәзік келеді, алайда, бұл ерекшелік жыртқыштардан жалтаруға, қорек іздеуге, қоныс аударуға және жұптасуға, т.б. әрекеттерді жүзеге асыруына көмектеседі. Осы өмірлік маңызды құрылымдарды қорғау үшін көптеген жәндіктер қанаттарын өн бойына бүктей алады, яғни, денесімен дене болып тұратындай етіп жинай алады. Мұндай ептілік екінші жағынан жерде қозғалу кезінде зақымдану мен кедергі қаупін азайтады. Зерттеушілер мұндай роботтардың шектеулі кеңістікте немесе тар жерде іздеу-құтқару жұмыстарында немесе биологиялық зерттеулерде нағыз жәндіктерді бақылауда көмектесетінін алға тартып отыр.

 

0 пікір
Мұрағат