Мұғалім мен оқушының ми толқынының синхронизациясы оқу тиімділігін арттыратыны анықталды
Мұғалім мен оқушының ми толқынының синхронизациясы оқу тиімділігін арттыратыны анықталды
2 жыл бұрын 1075 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ми толқыны сыныптастарымен және ұстазымен үйлескен оқушылардың оқу үлгерімінің жақсы болатыны анықталды. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Psychological Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Нью-Йорк университетінің психологтары мен педагогтары дәрістің студенттер мен мұғалімдердің ми белсенділігіне қалай әсер ететінін зерттеп көрген екен. Бұл тараптағы талдау нәтижесі көрсеткендей, ми толқындары сыныптастарымен және мұғалімімен үйлесетін студенттер бұл «синхронизмге» ие болмайтындарға қарағанда сабақтан мол ақпарат алып шығатыны болып шықты. Ғалымдар талдау нәтижесін алу үшін электроэнцефалографияны (ЭЭГ) пайдаланды. Бұл бағыттағы тәжірибеге бір-бірін танымайтын оқытушылар мен студенттер тобын таңдады. Студенттер әртүрлі ғылыми тақырыптар бойынша қысқаша дәрістер тыңдады, оның барысында олардан да, мұғалімдерден де ми қызметі туралы деректер жиналды. Дәрістерден кейін студенттер материалды игеру пайызын тексеру үшін тест тапсырды. Зерттеушілер студенттер дәріс тыңдаған кезде олардың ми толқындарының бір-бірімен үндесетінін анықтады. Оның үстіне, мұндай «синхрония» – белгілі бір уақыт кезеңіндегі ми қызметінің ұқсас заңдылықтары студенттер арасында да, студенттер мен мұғалімдердің ми толқындарын салыстыру кезінде де байқалған. Нәтижесінде ми қызметі құрбыларымен және мұғаліммен синхрондалған студенттер сұрақтарға жақсы жауап беріп, жоғары нәтиже алғанын көрсетті. Осылайша, зерттеушілер әрбір сұраққа сәйкес келетін дәріс нүктелерінде олардың ми толқындарының қалай «синхрондалғаны» негізінде  студенттің қай сауалдарға жақсырақ жауап беретінін болжай алған еді.

0 пікір
Мұрағат