Mk-II Aurora күніне екі рет Карман сызығынан жоғары ұшатын алғашқы ұшақ болуы мүмкін (видео)
Mk-II Aurora күніне екі рет Карман сызығынан жоғары ұшатын алғашқы ұшақ болуы мүмкін (видео)
3 ай бұрын 753 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жаңа Зеландияда орналасқан Dawn Aerospace ғарыштық тасымалдау компаниясы өзінің зымырандық ұшқышсыз ұшағының соңғы сынақта жаңа биіктерді бағындырғаынын хабарлады. Бұл жайында Islam.kz порталы naked-science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шілде айының соңында орын алған бірқатар ұшу кезінде Mk-II Aurora зымыран ұшағы сағатына 1127 шақырым жылдамдықпен қозғалып, 15240 метр биіктікке көтерілді, бұл көрсеткіш бұрынғы нәтижелерінен үш есе жоғары. Қыркүйек айында зымыран ұшағы дыбыстан жоғары ұшуды орындауы тиіс. «2025 жылдың соңына таман F-15 жойғыш ұшағынан жылдам, МиГ-25-тен жоғары көкке көтерілуді көздеп отырмыз, SR-71-ден жылдамырақ ұшамыз және Карман сызығынан (100 шақырым) күніне екі рет биік ұшатын алғашқы ұшақ болуды жоспарладық», деп мәлімдеді аталмыш компанияның баспасөз қызметі.

Уикипедия электронды энциклопедиядан: 

Карман сызығы - теңіз деңгейінен жоғары биіктік, ол шартты түрде Жер атмосферасы мен ғарыш арасындағы шекара ретінде қабылданады және мемлекеттердің жоғарғы шегі болып табылады. Fédération Aéronautique Internationale анықтамасына сәйкес Карман сызығы теңіз деңгейінен 100 шақырым биіктікте орналасқан.
0 пікір
Мұрағат