Миллиардер өзінің цифрлы АІ сыңарынан сұхбат алды (видео)
|
Рид Хоффман есімді LinkedIn әлеуметтік желісінің негізін қалаған америкалық кәсіпкер және миллиардер өзінің YouTube арнасында AI көмегімен жасалған сандық көшірмсімен тілдескен бейнемен бөлісті. Бұл видео бірден интернет кеңістігін кезіп, әлеумметтік желіде және бұқаралық ақпарат құралдарында тарап кетті. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жасанды зерде көмегімен жасалған цифрлы сыңары Reid AI (AI-Reid) деп аталды. Ол шынайы болып шыққаны сондай, «түпнұсқасынан» ажырату мүмкін емес, яғни, Клон Рид Хоффманның дауысын, мимикасын, көңіл-күйін және мәнері мен қимыл-қозғалысын айнытпай салады, дәл жеткізе алады. «Мен цифрлық егіздің мүмкіндіктерін сынағым келді: онымен өзара әрекеттесу маған басқаша ойлауға, өзімді жаңа қырымнан көрсетуге немесе менде болмауы мүмкін идеяларды жасауға көмектеседі», - деді америкалық кәсіпкер негізгі мақсатын түсіндіре келе. Цифрлы сыңары жасанды зерденің Reid нейрожелісінің көмегімен пайда болды. Рид Хоффман сандық клондардың оң және теріс аспектілері бар екенін тілге тиек етті: «AI аватарлары көптеген адамдарға ыңғайсыздық тудыратыны сөзсіз, мен технологияны осылай пайдаланудың оң жақтары бар-жоғын білгім келді. Менің ойымша, бұл аватарлар, егер жан-жақты ойластырылған түрде жасалса, біздің жеке идеяларымыз бен түр-тұлғамызды ашып көрсететін айна ретінде әрекет ете алады». Осылай деген кәсіпкер АІ-сыңарды адамдарды алмастыратын нұсқа ретінде қарастырмайтынын, керісінше, адамның күш-жігерін жанитын жоба ретінде қабылдайтынын мәлімдеді. Соның ішінде, цифрлы аватор көпшілік алдында ұялатын адам қысылған жағдайда немесе басқа себептермен шыға алмаған жағдайды оның орнына шығып, байланысқа түсе алады.