|
Микропластиктің организмге төндірер тағы бір қатері белгілі болды
|
Вена медициналық университетінің (Австрия) ғалымдары микропластиктің өкпе жасушаларында қатерлі өзгеріс тудыратынын алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы қоршаған ортаның пластикпен ластануының тағы бір қатерін ашып көрсеткен Journal of Hazardous Materials мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл тарапта азық-түлік қаптамасында және бір рет қолданылатын пластик ыдыста кеңінен пайдалынатылын полистиролдың күлдей ұсақ бөлшектерінің өкпе жасушаларымен қалай өзара әрекеттесетінін зерттеп көрген екен. Сау жасушалар ең титтей бөлшектерді - шамамен 0,00025 миллиметрді сіңіреді, осылайша тыныс алудың басты ағзасы ерте онкологиялық өзгерістердің белгілерін көрсете бастайды: жасушалардың миграциясы күшейеді, ДНК-ның зақымдануы артады, оксидативтік стресс артады және өсу мен тіршілікті ынталандыратын сигналдық жолдар белсендіріледі. Зерттеушілер жасушалардың зақымдалған ДНК-ны қалпына келтіру қабілетінің күрт төмендеп, бір мезгілде әдетте өсуге жауап беретін тетіктердің іске қосылатынын атап өтті. Сонымен қатар, жасушалар қорғаныш антиоксиданттық жүйелерді іске қосып, зақымдалған ағза аймақтарын қалпына келтіруге тырысады.