Микропластиктен тазартатын сүзгі жасалды
|

Қытай ғалымдары суды микропластиктен 99,9%-ға дейін тазарта алатын әрі бір емес, бірнеше рет пайдалануға жарамды және бірнеше рет пайдаланса да тиімділігін төмендетпейтін сүзгі ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінде жер планетасындағы пластиктің қалдығы 4,7 млрд тоннаға жетіп қалды. Жылдан жылға бұл көрсеткіш артпаса, кемімейді. Ауада, суда, топырақта, ағашта, жануарлардың организімінде, адам бойында кездесетін микропластикппен ластану деңгейі өз кезегінде күллі әлемді орны толмас апатқа бастап әкеле жатыр. Ухан университетінің ғалымдарының калмар хитині (Хитин — омыртқасыз жануарлардың тіректік полисахариді (буынаяқтылардың сыртқы қаңқасының негізін құрайды) және саңырауқұлақтар мен кейбір жасыл балдырлардың жасуша қабырғаларының құрамдас бөлігі – Уикипедия электронды энциклопедиядан) мен целлюлозадан (мақта) жасалған сүзгісі суды микропластиктың 99,9%-на тазартуға қабілетті. Бұл сүзгі 100 нанометр өлшеміндегі полистирол бөлшектерін және шамамен 3 микрон өлшеміндегі микропластиканы, полиметилметакрилатты, полипропиленді және полиэтилентерефталатты қоса алғанда түрлі пластик түрлеріне қарсы тиімді құрал. Сүзгі бірнеше рет пайдаланғаннан кейін де тиімділігін жоғалтпады, дәлірегі, суды бірнеше мәрте тазарту кезінде 95% -дан астам тиімділігін сақтап қалды. Ол, сондай-ақ, басқа да ластаушыларға төзімді, алайда, кейбір химикаттар оның тиімділігін төмендетуі мүмкін.




