Микропластик бұлттан да табылды
Микропластик бұлттан да табылды
1 жыл бұрын 1058 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Микропластик климатты өзгертуге де қабілетті болып шықты. Қоршаған ортаны ластаушы заттан – пластиктен бөлінетін микропластик топырақ пен су арқылы күллі тіршілік атаулыға қауіп төндіруде. Тіпті, жан аяғы баса бермейтін Антарктидадағы тоңнан да, жердің ең терең Мариан ойпатынан да табылған болатын. Таяуда микропластиктің бұлттан да табылғаны туралы ақпарат тарады. Бұл жайында islam.kz порталы Environmental Chemistry Letters ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар тұманнан су үлгілерін жинау үшін Фудзи тауы мен Ояма тауының шыңдарына шыққан болатын, артынан осы үлгілердің физикалық және химиялық сипаттамаларына талдау жасай келе бұлтты судың әрбір литрінде мөлшері 7,1-ден 94,6 микрометрге жететін, 6-дан 13-ке дейінгі шағын пластик бөлшектерін тапты. Соның ішінде бұлттың қалыптасуына ықпал ететін гидрофилді полимердің үлесі жоғары болғанын жеткізді. Сондай-ақ, микропластиктер атмосфераның жоғарғы қабатына тап болғанда, ультракүлгін сәуледен ыдырап, парниктік газдардың бөлінуіне әкелетінін атап өтті. Ал бұл құбылыс өз кезегінде жаһандық жылыну қарқынын арттырады.

0 пікір
Мұрағат