Микропластик адам организімінен де табылды
Микропластик адам организімінен де табылды
4 жыл бұрын 3471 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Микропластикалық ластанудан адам зардап шегеді. Десе де ғалымдар микропластиктің адам денсаулығына қаншалықты қауіпті екенін әлі күнге толық білмейді. Соған қарамастан ол қатерлі ісік пен бедеуліктің пайда болуына апарып соқтыруы мүмкін. Аризон мемлекеттік университетінің мамандары титтей микропластиктің адам ағзалары мен тінінен табылғанын жария етті. Бұл бағытта арнайы жүргізілген бұрынғы зерттеу нәтижесінен белгілі болғандай, микропластик адам мен жануардың организіміне асқазан-ішек жолдары арқылы енеді. Ал соңғы зерттеу барысында анықталғандай, микропластик адамның бүйрегі мен бауырына және өкпесіне, т.б. ағзаларына жиналады. Аризон мемлекеттік университетінің биологы Чарльз Рольски мен оның әріптестері адам тінінің 47 үлгісін зерттеген болатын. Соның ішінде микропластик тозаңын жинаған немесе сүзгіден өткізген, әсеріне ұшыраған бүйректің, бауырдың, өкпенің және көкбауырдың тідерін де зерделеп көрді. Аталған ағзаларда микропластиктің бар-жоғын білу үшін ғалымдар  поликарбонат, полиэтилен және полиэтилентерефталатты қоса алғанда түрлі материалдарды идентификациялауға арналған Раманов спектроскопияның көмегімен алынатын анализді қамтитын өз тәсілін қолданып көрген. Поликарбонат ноутбук пен қалта телефонының, компакт-дисктің, DVD-дисктің, т.б. қаптарын дайындауда пайдаланылады, сонымен қатар, полиэтиленнің түрлері оқ өткізбейтін кедеушеден бастап, арық құбырында, полиэтиленді пленкіге дейін кездеседі. Ал полиэтилентерефталат (ПЭТ) киім талшығын, пластик шөлмек пен тағам контейнерін жасауда пайдаланылады. Ғалымдар пластикті өздері зерттеген адам тінінің әр үлгісінен тапты. Ғалымдардың айтуынша, адам тінінің үлгілері донорлардан алынғандықтан дәрігерлер арнайы анамнез арқылы пластиктің негізгі қайнар көзін, яғни, адам организіміне қандай көздерден тап болатынын анықтай әрі қадағалай алады. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі Америкалық химиялық қоғамның (ACS) виртуалды жиыны мен көрмесінде жұртшылықтың назарына ұсынылды.

0 пікір
Мұрағат