Ми кеміретін амеба климат өзгерісіне байланысты жылдам тарала бастады
Ми кеміретін амеба климат өзгерісіне байланысты жылдам тарала бастады
2 жыл бұрын 1342 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Dr. Govinda S. Visvesvara / CDC / Wikimedia

Naegleria fowleri амебасы қарқын алған жаһандық жылынуға байланысты әлемде жылдам тарала бастаған. АҚШ-тағы Аризона университетінің ғалымдары осындай тұжырымға келіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өлімге апаратын аса қауіпті, бір жасушалы амеба тұшшы суда болады, адам организіміне мұрын мен ауыз құуысы арқылы еніп, миға жетеді, тіндер мен жүйке жүйесін зақымдайды. Аталған амеба жылы суда кездеседі, Целсия бойынша 30 градустан жоғары температурада өсіп-өнеді, ол Целсия бойынша 46 градус температураға дейін төзімді келеді. Әдетте Naegleria fowleri амебасының мекендейтін ортасы оңтүстік штаттармен шектелетін, алайда, жаһандық жылыну Американың солтүстігі мен батысында амебалардың пайда болуына себеп болды. Адам ағзасына енетін бір жасушалы организмдер сирек кездесетін, алайда, өліммен аяқталатын алғашы амебты менингоэнцефалит дертіне шалдықтырады. 1962 жылдан 2020 жылға дейін АҚШ-та 151 аталған дерттен зардап шеккен екен - науқастардың төртеуі ғана аман қалған. Соңғы рет 2022 жылдың шілде айында мұндай жағдай тіркелген – жергілікті көлге шомылған адам амебаны жұқтырып, көп ұзамай қайтыс болған. Әдетте бұл дертті көлге шомылғандар жұқтырып жатады. Олардың арасында жасы 18-ге тола қоймаған ерлер қарасы көп.

0 пікір
Мұрағат