|
Метеориттің Аймен соқтығысқан видеосы жарияланды (видео)
|
Испаниялық астрономдар метеориттің Айдың беткі жағымен соқтығысқан видеосын жариялады, - деп хабарлайды tengrinews.kz ақпарат көзі Газета.ru порталына сілтеме жасай отырып. Ғалымдар телескоптың көмегіне сүйене отырып, метеориттің ұшу жолын анықтап, оның видеосын монтаждады. Аталмыш ақпарат көзінің жазуынша, қаңтар айының 21-і күні Айда жалын болғаны анықталған. Ғалымдардың болжамынша, метеорит жердің серігіне сағатына 61 мың шақырым жылдамдықпен соқтығысқан. Олардың айтуынша, метеориттің салмағы 45 келі болған. Ал соқтығыстың қуаты 1,5 тонна тротил деп есептеледі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Мәйітті көп қабатты тұрғын үйде жерлеуге тыйым салынды