Мектеп оқушыларының өздері қай пәндерді қажетсіз деп санайды – зерттеу
Мектеп оқушыларының өздері қай пәндерді қажетсіз деп санайды – зерттеу
4 жыл бұрын 2563 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

«ВКонтакте» командасы мектеп оқушыларының арасында, дәлірегі, 14-18 жас аралығындағы ресейлік 8000 жасөспірімге сауалнама жүргізген екен: қай пәндерді пайдасыз деп есептейді және жазғы каникул кезінде де қандай пәндерді оқуға дайын тұратынын, дәлірегі, демалыс кезінде де қай пәндерге уақыт бөлуге дайын екенін сұрап білді. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оқушылардың пікірінше, ең қажетсіз пән – ән-күй. Респонденттердің 40%-ы осындай пікірде. Екінші орында дін тарихы тұр - 32%, ал үшінші орында – сурет (31%). Оқушылардың шамамен үштен бірі ғана барлық пәннің болашақта пайдасы тиетінін жеткізген. Ал жаз мезгілінде де оқуға уақыт бөлетін пәндердің арасында шет тілі алдыңғы орынға шыққан – респонденттердің жартысы шет тілін үйрену үшін уақыт таңдамайтынын жеткізген; екінші орында – математика (49%). Мұндай сауалнама жүргізілген аталған әлеуметтік желіде Varvara Vetrovkina есімді пайдаланушы мынадай пікір қалыдрған екен: «Әдебиетке қыруар уақыт бөлінсе де түкке жарамайды, медицина институтына түсу үшін емтихан тапсырғанда шығарманы беске жаздым, әлбетте, бұл өтіп кетуіме, яғни, ұпай жинауыма әсерін тигізді. Алайда, одан кейінгі өмірімде әдебиет пәні сурет пен ән-күй секілді маған еш қажеті болмады».

0 пікір
Мұрағат