Масондар мен иллюминаторлар: «Комитет-300» саясатының сыры неде?
Масондар мен иллюминаторлар: «Комитет-300» саясатының сыры неде?
5 жыл бұрын 9281 bugin.kz

Әрбір адамның түсінігінде әлемде орын алып жатқан оқиғалар заңды, заманауи құбылыс. 

Қандай жағдай болсын, болмасын астарына үңілмей, тек тағдырға балап жатады. Иә, бұл -  өмірдің заңдылығы. Дегенмен, халық санасының уланып бара жатқандығын тікелей тағдырымызға байланысты деп айту меніңше қате пікір. Қайткен күнде де оған сырттан әсер етуші фактор бар.     

Әлемді басқарып, адамдардың тағдырын ойыншық ретінде көретін бір топ өкілдері бар десем күлетініңіз анық. "Біздің тағдырымыз бір Құдайға аян, бұл не сандырақ?!" деп ойларыңызға күдік пен күмән ұялайды. Ия, бізге өмір беруші де, алушы да Жаратқан. Бірақ өздерін Құдай санап адам түгіл мемлекет одан қалса, Жер тағдырын шешетін "К-300" ұйымы әлемді басқару үстінде. Бұл ақпаратқа күмәнмен қарап, сенбегендер көп болды. 

Журналистік зерттеулер мен ғылыми ізденістердің нәтижесі әлемдегі қауіп-қатерді  өз қолымен жасап отырған ұйымның бар екенін анықтады. Олар кімдер? Олар - масондар. Әлемнің түкпірінен жиналған аристократтар мен басшылардың әулетінен тұратын ұйым - "Комитет-300" ұйымы. Ұйым 1897 жылы жинақталып, қызметке кіріскен. Негізгі мақсаты - планетадағы ресурстарды үнемдеу, халыққа теңдей жеткізу үшін 2050 жылға қарай 4 миллиардтан астам адамның көзін жою.  Бұл масондық топ құпия түрде жұмыс жасайды. Тек Америка публицисті Джон Колуманның жасаған құпия зерттеулері нәтижесінде, 1992 жылы жарық көрген «Комитет-300» кітабы ұйымның құрылу мақсаты мен қолдан жасаған қатерлерін халыққа жария етті. Сол сәттерден бастап, комитетті зерттеу ісі ауқымды мәселе болып, журналистер мен зерттеушілер назарына ілікті. Осыған сәйкес әр жерде әулетті топтың бар екені жиі айтыла бастады, тіпті, дискілерге жазылған әлдебір масондардың жасап жатқан әрекеттері туралы лекциялар да пайда болды. Тақырыпта айтылғандай, халық санын қалай қысқартады деген ой келеді? Комитет жоспары бойынша, адам санын азайту соғыс өртін тұтандырумен, жаңа ауруларды ойлап табумен, қолдан жасалған дағдарыспен, есірткі мен ішімдікті тарату арқылы адам санасын улау, ЛГБТ мен жезөкшелікті насихаттаумен іске асады. Қарап отырсақ, барлық істеліуі тиіс әрекеттер Құранымызда жазылған үлкен күнәға апаратын шәйтанның әрекеттері. Комитеттің атқарып отырған жұмыстары – тікелей шәйтанның азғыруынан. 

Болашақтың құраушысы, мемлекеттің тірегі - жастар. Масондық топтардың басты көздегені – жастардың санасын улау. Әрине, жастардың талғамы мен таңдауы бірдей емес. Бірақ батыстық сарынға еліктеп, сол елдің субмәдениетін ұстанатындары жетерлік. Қазіргі қазақ жастарының біраз бөлігі менталитетіміз бен ұстанымыздан алшақтап бара жатқанын байқаймыз. Музыкалық талғамы мен киіну ерекшеліктері, адамдармен қарым-қатынасы өзгерістерге ұшырап жатыр. Қарап отырсақ, егде жастағы кісілер жастардың бұндай ұстанымдарын ұнатпай жатады. Тіпті, жастардың бұл әрекеттерінен болашағына уайымдайтынын айтып жатады. Ал, болашақ тізгінгерлердің санасында бұл – заманауи құбылыс.  Үлкендермен сөз таластырып, «еркіндік» сөзін девиз жасап алған жастар, киім киюде оғаш,ал музыка тыңдауда түсініксіз, мағынасыз сөздерді миына құйып алған. Бұл жердегі музыка – заман талабымен өмір сүретін, жастардың ойы мен сезіміне тікелей әсер ететін адамзаттың әмбебап тілі. «Музыка ұлтқа бөлінбейді» деген. Егерғ адамға эмоция жетіспес оны биден, музыкадан, кинодан алады. «Комитет – 300» жастардың, жалпы жер жүзінің ортақ тіліне айналған музыкаға ақыл ойды улайтын элементтерді қосып,сананы улау процесін іске асыру үстінде. Олардың музыкадағы басты құралы - танымал әншілер, композиторлар, продюсер.

Масондардың пайдаланып отырған адамдарын «шәйтанға жанын сатқандар» деп айтады. Бұрын да естіген шығарсыз. Олардың айтқан әндерінен адамды жаман жаққа тәрбиелейтін, әлемді жаман қылып көрсететін сөзерді, «шайтан» мен «ақша» сөздерін көп естейсіз. Ал сахнаға этикасынан тұрпайы, ашық киім үлгілерін, денесінен шайтанға байланысты сөздер мен суреттерді көрерсіз. Ал, жүріс-тұрысынан, істеген қимыл-әрекеттерінен арнайы мимикаларды байқай аласыз. Ондай белгілер -  иллюминатттық белгілер деп аталады.

Музыканың бұндай саясатын іске асырушылар кімдер деп ойлайсыз?  Алысқа кетпейік, солүстігіміздегі Ресейдің СНГ мен әлем назарын аударып келе жатқан « Black Star Mafia» продюсерлік орталығы. BLACK STAR MAFIA құрамында Тимати, Мот, L-one, Скруджи, Natan, Кристина Си, Егор Крид, MC DONI , Nazima сынды танымал әншілер өнер көрсеткен болатын. Қазіргі уақытта әншілердің біразы продюсерлік орталықтан шығып, өз карьерасымен айналысу үстінде. Тимур Юнусов прродюсерлік ететін бұл орталықта әр әншінің өзіндік атауы мен ерешелеп тұратын татуировкалары бар. Мысалы әнші Кристина Si-дің есіміндегі Si сатанизмге байланысты бір металлдың атын білдіреді. Егер осы орталық әншілерінің әндерін тыңдағанда сөздеріне ден қойсаңыз және бейнебаяндарына үңіліп қарар болсаңыз, көптеген масондық белгілерді табасыз және қызмет етудегі негізгі мақсатын білесіз. Олар осындай әрекеттерді жасай отырып, тыңдармандар санасына әсерін береді, ал ол сананы улаудың ең оңтайлы жол. Психологиясының бұзылып жатқанын көп тыңдарман байқай бермейді. Қарап отырсаңыз шоу бизнестегі нағыз саясат. Ал сатаистер топтасқан ұйым бұл орталықты қаржыландырып, барлық жағдайын жасап береді.

Келесі, танымал сатанизимді қабылдаған шоу бизнес өкілдерінің қатарына Риана кіреді.

Риана қазіргі уақытта өз аудиториясын жинаған американың танымал әншісі. Иллюминат ханшайымы атанып кеткен Риананың әндері әлемнің бұрыш бұрышында танымалдыққа ие. Әнші өлеңдерінде зорлық зомбылықты еркін насихаттайды. Сонымен қатар, бейнебаяндарында анайы киініп, Әзәзіл бейнелерін еркін көрсетіп, сомдап береді.

Әлемді аузына қаратқан масондыі әншілер қатарына Мадонна, Джастин Бибер, Кэти Перри, Леди Гага, Бейонсе кіреді. Егер осы аталған әншілердің әндеріне мән берсеңіз жоғарыда айтылған белгілерді байқайсыз. Міне, масондардың қуыршағына айналған осындай шоу бизнес өкілдерінің арқасында тыңдарман сана сезімі уланып жатыр.

Бұл айтылып отырғандар танымалдығы жоғары, аудиториясы миллионнан астам тыңдарман жинаған әншілер ғана. Егер киноиндустрия саласына (балалрды жауыздыққа үйрететін мультфилмдер), өндірістегі танымал брендтерге, көптеген танымал ғалымдар мен бизнесмендер өміріне шолу жасасаңыз жағаңызды ұстарыңыз анық. Масондықтар көздеген мақсатына жету үшін барлық танымал бола бастағандарды өздіріне бағындырады, сол арқылы билік жүргізеді.

Бір қуантарлық нәрсе, халқымыздың менталитеті масондықтар саясатындағы кейбір нәрселерге қарсы тұруға қауқарлы келеді. Егер заман ағымы деп жастарымызды бос жіберіп алмасақ, біздің үстімізден саясатын іске асырушы бұндай топтардың біразына қарсы тұруға шамамыз келетііне сенімдімін.

0 пікір
Мұрағат