Mantis титанды қаламсабы скальпельден және бірнеше басқа құралдардан тұрады (видео)
|
Әдетте табиғат аясына саяхатқа аттанғандар өзімен бірге алып жүруге қолайлы бірнеше шағын құрал-сайманға ие болғысы келеді. Өткен жылы Kickstarter платформасында ұзындығы 94 мм, ал салмағы бар-жоғы 18,1 грамм тартатын, Mantis деп аталатын 3 Peters компаниясының титаннан жасалған шағын капсуласы жұртшылық назарына ұсынылған еді. От тұтатын оттығы да, кесу құралы да, т.б. қамтылған құрылғының басқа да пайдалы жақтары бар. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Олардың бірі - түтіктің ұшына жалғанатын, X-ASTO пышағы нұсқасына айналдыратын скальпель. Пышақтар №11 скальпельге арналған кез келген басқа пышақпен оңай ауыстырылады. Пышақты ішке қарай бұра отырып, пайдаланушы Mantis салпыншақ немесе медальон ретінде тағуға мүмкіндік беретін тесігі бар құрылғы ретінде қолдана алады. Түтіктің қарама-қарсы жағына реверсивті вольфрамды болаттан жасалған бұрғы бекітілген. Оны шыны сындырғыш, тіпті, қауіп төнгенде қорғану құралы ретінде пайдалануға болады. Бұрғылаудың қарама-қарсы жағында (сол баста) кез келген бетке, ол ол ма, су астында жазуға жарамды «мәңгілік қалам» бар. Бұрандалы қосылымның арқасында оларды ауыстыру оңай. Бұрандалы жақтаулар капсуланы толығымен жабық құрылғыа айналдыра алады, онда нитроглицерин сияқты бірнеше маңызды дәрі-дәрмекті сақтауға болады. Kickstarter акциясына қатысқысы келетіндер Mantis жинағын 40 долларға сатып ала алады. Болашақта ол 45 долларға дейін қымбаттайды