|
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
|
Шотландия Ұлыбританияда су кремациясын заңдастырған алғашқа ел атанды. Бұл жайында islam.kz порталы ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сілтілі гидролиз деп аталатын процесс мәйітті жерлеудің немесе арнайы пеште өртеудің орнына үшінші нұсқаны ұсынады. Мәйіт жібек немесе жүн сияқты биологиялық тұрғыдан ыдырайтын материалдардан жасалған жабынмен оралады, содан кейін ыстық су мен химикаттары бар герметикалық камераға орналастырылады. Су кермациясынан кейін мәйіттің ұнтақ түріндегі күлі урнаға салынады әрі туыстарына қайтарылады. Шотландияда осы тәжірибені енгізуді қолдайтын компания жерлеудің мұндай түрін 1902 жылы кремациялау туралы заңға енгізілген ең ірі өзгеріс деп атады. Ирландия республикасы және Америка Құрама Штаттары сияқты елдерде қазірдің өзінде су кремациясы жүзеге асырылады. Мұндай жерлеу «жасыл кремация» деп есептейді, өйткені, қоршаған ортаға зияны жоқ. Процесс мәйітті калий гидроксиді мен су қоспасында 150 °C (300 °F) дейін 90 минутқа дейін қыздыру арқылы өлшеуді қамтиды. Бұл жансыз дененің тіндерін ерітеді, тек сүйектерді қалдырады - содан кейін олар 120 °C-де жуылады, кептіріледі және кремулятор деп аталатын аппараттың көмегімен ірі ұнтаққа айналдырылады. Әдеттегі кремация (мәйітті арнайы пеште өртеу) кезінде атмосфераға шамамен 320 келі көмірқышқыл газы бөлінеді. Ал гидролиз сілтісі кремациясында бұл көрсеткіш жеті есеге дейін төмендейді. Шотландияда жерлеудің бұл түрін қолданысқа енгізу үшін алдымен гидролизді қондырғы орнатылуы тиіс. Алғашқы жерлеу процедурасы осы жазда өтеді. Десе де сын айтушылардің кейбіреуі елдің көбісі қайтыс болған адамды ақтық сапарға шығарып салудың мұндай түрін таңдамайтынын алға тартып отыр. Соған қарамастан клиенттер үшін таңдау көбейеді. Өйткені, әр отбасының наным-сенімі мен салт-дәстүрі, жерлеу жөн-жоралғысы әрқалай болып келеді.