|
Күн стансалары шөл далаға “жан бітірді” (видео)
|
Күн энергетикасының болашағы зор деп есептеледі, өйткені, жаңғыртпалы энергия көздерінің ішіндегі ең “өнімдісі”әрі қоршаған ортаға зияны жоқтығымен ерекшеленеді. Әйтсе де күн панелдерінің экологияға теріс әсері болуы мүмкін деген қауіп те бар, содан соң пайдалану мерзімі біткеннен кейін электронды қалдықтар қатарын толықтыратын, яғни, қоршаған ортаны ластайтын факторға айналуы ықтимал. Бұл жайында islam.kz порталы Futura Sciences мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяуда Қытай батысында орын тепкен Талатан шөлінде жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, күн панелдері жергілікті климатқа оң әсер еткен,, дәлірегі, топырақтың құрамын өзгертіп, өсімдіктердің өсуіне ықпал еткен. Сиан технологиялық университетінің ғалымдары шөл даланың кең аумағын алып жатқан, қуаты бір гигаватты құрайтын ірі күн электр станциясын зерттеп көрді. Нәтижесінде күн панелдерінің астындағы топырақтың жалпы «денсаулығы» шөлдегі ашық топыраққа қарағанда екі есе жоғары болып шыққан. Себебі айқын: панелдер саясындағы жерде ылғал пайда болған, осылайша топырақ температурасын төмендететкен - топырақтың құнарлылығына әсер ететiн микроскопиялық организмдердiң дамуына ықпал ететiн елеулi өзгерiстер орын алған. Зерттеушілердің болжамынша, үлкен күн электр стансалары адам өркениеті үшін энергия көзі ғана емес, сонымен қатар, шөлді аймақтарды сауықтыру құралына айналуы мүмкін.