Күн энергиясынан қуат алатын неміс концерні
Күн энергиясынан қуат алатын неміс концерні
4 жыл бұрын 1929 Арай Жұматай. Фото: inventure.com.uа

Күннен алынатын электр қуатын өндіруші елдердің қатарында Германия алдыңғы қатарда. Қазір ғалымдар осы қосымша энергия түріне ерекше мән беріп, оны дамыту жолдарын қарастырумен айналысып жатыр, деп хабарлайды qazaqtimes.com

Осыған орай Күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын құрылғыларды пайдалану деңгейі жылдан-жылға артқан. Бір ғана мысал, неміс теміржолшылары жаңартылған энергия көздерін кәдеге жарату арқылы экологияға тиетін зиянның алдын алған.

Deutsche Bahn (DB) неміс теміржол концерні 2038 жылға дейін күн, жел, биомасса және су энергиясын қолданбақ. Биыл концерннің шығындарындағы үлес 60%-дан асқан. Атап айтқанда, бірнеше жыл бұрын Германияның жолаушылар мен электровоздары бар IC/EC пойыздары электр энергиясын баламалы көздерден алды.

 

Enerparc күн электр станциясы. Фото: www.dw.com

Dpa ақпарат агенттігінің бұл фотосуреттер қазір Мекленбург, Померания жерінде түсірілген. Онда Плау-ам-Зе қаласының жанында Еnerparc фирмасының 90 гектардан астам жаңа күн электр станциясы орналасқан. Екі компания арасындағы келісімшартқа сәйкес, алдағы 30 жылда DB тек осы жерден жылына 80 гигаватт-сағаттан астам электр энергиясын алады. Жыл сайын бұл концерн шамамен 10 тераватт-сағат энергия жұмсайды, бұл Гамбург қаласындағы тұрғындардың жылдық өмір сүру уақытына тең.

Фото: www.dw.com

Күн қуаты – шешуші экологиялық факторлардың бірі. Атап айтқанда, жарық жерде өмір сүретіндердің барлығын дерлік фотосинтез  арқылы энергиямен және құнарлы заттармен қамтамасыз етеді. Тірі ағзалар үшін сәуле толқынының ұзындығы, оның қарқындылығы және сәулелендірудің ұзақтығы қажет. Күн энергиясын пайдаланудың өзіндік артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар.

Артықшылықтары:

1) Күн энергиясы бәріне бірдей қолжетімді;

2) ол сарқылмайды;

3) қоршаған ортаға қауіпсіз;

Кемшіліктері:

1) ауа райы мен тәуліктің уақытына тәуелді;

2) Күн энергиясын алу үшін қолданылатын құрылғылардың қымбаттылығы;

3) оны шағылдыратын бетті периодты түрде тазалап отыру қажет;

4) электр станциясының жанында атмосфера ысып кетеді;

5) энергияны аккумуляциялау қажет.

"The Qazaq Times" 

0 пікір
Мұрағат