Криптовалютамен садақа беруге болады (фото)
Криптовалютамен садақа беруге болады (фото)
6 жыл бұрын 3042 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Лондон мегаполисіндегі, дәлірегі, аталған қаланың шығысында орын тепкен мешіттердің бірінде садақаны криптовалютамен беруге рұқсат етілді. Астын сызып тұрып айта кететін жайт: мұндай жағдай тұңғыш рет орын алып отыр. Криптовалюатаға қатысты қаржының қақпағын ұстағандар мен мамандардың өзі бір тоқтамға келе алмай жатқанда әрі әлемнің алдыңғы қатарлы мұсылман мемлекеттерінде электронды\ валютаға тыйым салынғанына қарамастан бұл бастама басқаларына ой салып отыр. Тарқатып айтқанда, Шэклвелл Лэйн деп аталатын христиан еліндегі осынау мұсылмандар үйі садақаны биткоин және этериум түрінде қабылдай береді. Аталған мешіт жетекшісі Еркін Гүнейдің айтуынша, түскен қаржы мешітті жөндеу жұмыстары мен материалдарына жұмсалады, тұрмысы жүдеу отбасылардан адам қайтыс болса, соларды жерлеу рәсіміне аударылады, сондай-ақ, осы аудандағы үй-күйі жоқ жандарға көмек көрсетіледі. "Бұл жаңа ақша. Уақыт өте келе бәрі өзгереді. Бұл да банктен ақша аударғандай нәрсе",- деп түсіндірді ол неліктен мұндай қадамға барғандарын. Ол қасиетті Рамазан айында криптовалюта түрінде 10 мың стерлинг қаржы түсуі мүмкін екенін тілге тиек етті сөз арасында. Оған криптовалютамен садақа қабылдауға Гурмит Сингх есімді ислами қаржымен байланысты стартап іргесін қалаушылардың бірі кеңес берген екен. 

Ðа меÑÑÑ Ð Ð°Ð¼Ð°Ð´Ð°Ð½ меÑеÑÑ Ð¿ÑÐµÐ´Ð¿Ð¾Ð»Ð°Ð³Ð°ÐµÑ Ð¿Ð¾Ð»ÑÑиÑÑ Ð¾Ñ Ð¿ÑиÑожан и жеÑÑвоваÑелей поÑÑдка 10 ÑÑÑ. ÑÑнÑов ÑÑеÑлингов в виде кÑипÑовалÑÑ

Шэклвелл Лэйн мешіті

0 пікір
Мұрағат