Криптовалюта болашақтың ақшасына айнала ала ма?
Криптовалюта болашақтың ақшасына айнала ала ма?
7 жыл бұрын 4563 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемде бірыңғай криптовалюта енгізуді ұсынды.

"Әлемдік қаржы құрылымын өзгерту қажеттілігі туып отыр. Халықаралық есеп-айырысудың төлем бірлігін енгізу мәселесін қарастыратын кез келді. Криптовалюта әлемді инфляциядан және сауда қатынастарындағы қателіктерден аулақ болуға көмектеседі. Валюта қарапайым, ашық әрі тұтынушыларға бағынышты болуы керек. Цифрландыру, технологиялардың дамуын ескеретін болсақ, мұндай бірлік криптовалюта түрінде енгізілуі керек", - деді Назарбаев Астанада өтіп жатқан экономикалық форумның пленарлық отырысында. 

Сондай-ақ, Президент валютаның абстракт сенімге емес, нақты активтерге негізделуі керектігін және оның әлемдегі тұтынушылардың қатысуымен қабылдануы қажет екенін айтып өтті. "Сондықтан біз G-20 емес, G-Global ұсындық. Бұл осы мәселеге көбірек елдің қатысуы үшін жасалып отыр. Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымының комитеті. Барлық елдің әділ өкілі болуы керек. Әрине, бұл мәселе оңай емес, бірақ, проблема мұнымен ешқайда кетіп қалмайды. Бізге осыны талқылап, шешу керек", - деді Қазақстан Президенті.

P.S. Анықтамасы: Криптовалюта - құпияланған коды бар сандық валюта. Ең алғашқы криптовалюта ретінде bitcoin танылған болатын. Электронды ақша. Ең алғаш рет 2009 жылы пайда болды. Адамдардың кейбіреуі еуро, доллар, рубль, т.б. түрінде болсын ақшаларын криптовалютаға айналдырып, қазіргі айналымы долларға шаққанда 15 млрд-тан асып кетті. 

Криптовалютаның қандай артықшылықтары бар: 

- Криптовалюта орталықсыздандырылған ақша, қандай да бір банкпен немесе мемлекетпен басқарылмайды;

- Әу бастағы бағдарламаланғанына байланысты ешкім артық ақша сала алмайды жүйеге;

- Коды белгілі болса, криптовалютаны түрлі адам пайдалана алады. 

0 пікір
Мұрағат