Криптовалюта: Биткоин деген не?
Криптовалюта: Биткоин деген не?
7 жыл бұрын 23626 7kun.kz

Жаңа сандық технологиялардың дамуы кез-келген салаға өз әсерін тигізіп жатыр. Электронды төлем жасау қалыпты процеске айналып, электронды ақшалар уақыты жақындап келеді. Жиі айтылып жүрген криптовалюта дегеніміз не? Биткоин ше? Оны қайда, қалай қолданамыз? 

Еуропаның валютасы еуро, Америкада доллар, Қытайда юань, Қазақстанда теңге болса, енді интернеттің өз валютасы пайда болды. Ол — Биткоин криптовалютасы  деп аталады. Шынайы өмірде біз қай жерде жүрсек, сол жердің валютасын қолдануға мәжбүрміз. Ал интернет қолданушыларына төлемдерін Биткоинмен жүргізуді ешкім талап етпейді. Криптовалюта — еркін адамдардың еркін таңдауы.

Криптовалюта— сандық валютаның түрі. Оның эмиссиясы мен есеп-қисабы түрлі криптографиялық әдістерге негізделген. Ал жұмыс істеуі компьютерлік желіде орталықтандырылмаған.  Криптовалюта — жаңа технологиялар мен үкіметтің бақылауынсыз жүргізуге негізделген төлемдер мен ақша аударымдарының жылдам әрі сенімді жүйесі.

Биткоин криптовалютасы дегеніміз не?

111111

Виртуалды Биткоин ақшалары — криптовалюта түрлерінің ішіндегі ең танымал электронды құрылғы. Оны ешкімге белгісіз Сатости Накамото деген лақап атпен танымал бағдарламашы не (бағдарламашылар тобы) 2009 жылы  дүниеге әкелген. Биткоинның термині мен оның ерекшелігін (Биткоин алгоритмін) енгізген де сол адам. Ол немесе олардың кім, қайдан екенін ешкім білмейді. Бірақ бағдарламаны ғана жасап қоймай,  арнайы компьютерге әмиян орнатуға болатын қосымшаны да іске қосты.

Биткоин криптовалютасы басқа елдердің ақшалары сияқты қасиеттерге ие:

  • айырбастау құралы
  • сақтау құралы
  • есептік бірлік

Криптовалюталардың ішінде танымалдылығы жағынан екінші орында — Лайткойн. Бұл криптовалютаның транзакция алгоритмі тезірек жұмыс жасайды. Биткойн мен Лайткойнды алтын мен күміс деп салыстырса болады. Қазіргі таңда оннан астам ірі криптавалюталар бар.

Криптовалюта- бұл нақты бағдарламаны қамтамасыз ететін өнім, курстың өсуі тек сұраныс пен ұсынысқа байланысты.

Криптовалюталар қалай жұмыс істейді? (Биткоинмен түсіндірсек)

Желінің әрбір мүшесі криптовалютамен делдалсыз тез операциялар жүргізе алады. Яғни, сатып алушы сатушыға ақшаны тікелей жібереді. Банкке барып не болмаса Киви-әмиянға ақша салып жүрудің қажеті жоқ, тек Биткоиндарды жіберсеңіз болғаны. Жүйедегі монеталар — криптографикалық (математикалық) хэш-кодтар. Олардың әрқайсысы толықтай бірегей және екі рет пайдалану мүмкін емес.

Барлық валюталар секілді, Биткоинның да өзінің курсы болады. Криптовалютаның курсын мына сайттан біле аласыздар blockchain.info.

 2222222222

Биткоин майнинг деген не? Жаңа Биткоин немесе кез келкен криптовалюта майнинг деп аталатын процесстен құрылады.

Майнерлер қиын математикалық басқатырғыштарды компьютермен шеше отырып жарысады. 10 минут сайын жеңімпаз анықталып, 25 Биткоинмен марапатталады.

Биткоин валютасына қол жеткізудің басқа да жолдары:

  • Қызмет көрсету және тауар төлемі ретінде;
  • Биткоин криптовалютаны сатып алу ;
  • Жеке тұлғалар арасында Биткоинмен алмасу.

Биткоинмен интернеттегі тауарлар мен қызметтерді анонимді түрде сатып алуға болады. Сонымен қатар халықаралық төлемдер жылдам әрі оңай іске асырылады.

Биткоинды сақтаудың бірнеше нұсқалары бар:
1) Оффлайн әмиян 

Ол сіздің компьютеріңізге орнатылады. Әдетте оны бұзудың алдын алу мақсатында кілттеп қояды. Алайда бұл жерде үлкен бір кемшілік бар. Егер әмиянның құпия сөзін ұмытсаңыз, онда сіз мәңгілікке қаражатыңызбен қоштасасыз.

2) Онлайн әмиян

Онлайн әмиянның оффлайн әмияннан бірнеше артықшылығы бар. Сіз оған компьютермен ғана емес, планшет немесе телефон арқылы да кіре аласыз. Қолданылуы Киви-әмиян, интеренет-банкингке ұқсайды.

Биткоин криптовалютасының қолданыстағы ақшалардан ерекшелігі: 

1. Криптовалютадағы ашық код

Биткоингте интернет-банкингте қолданылатын алгоритмдер жұмыс істейді. Айырмашылығы соңғы пайдаланушы туралы ақпаратты  ашық көрсетелі. Биткоин желісінен транзакциялар туралы барлық деректерді табуға болады(қашан? қанша мөлшерде?), бірақ ақшаларды алушы мен жіберуші туралы ақпараттар жоқ(әмиян иесінің кім екені туралы ақпаратқа қол жеткізу мүмкін емес).

2. Инфляцияның болмауы

Монеталардың мөлшері әлемдегі алтын өндірісінің жылдамдығымен өсуде. Максималды көлемі шектелген. Ол 21 млн-ды құрайды. Белгілі саяси партиялар мен корпорациялардың белгіленген тәртіпті өзгерте алмайтығынан жүйеде инфляция болмайды.

3. Шексіз жүргізілетін транзакциялар

Әрбір әмиянды қолданушы кімге болсын, қайда болсын ақша төлей алады. Транзакцияларды бақылау не оларға тиым салу мүмкін емес болғандықтан, аударымдарды Биткоин әмияны бар жер шарының кез-келген жеріндегі қолданушыға жіберуге болады.

Биткоин криптовалютасы қолма-қол ақша тәрізді жұмыс істейді. Банктерге не басқа да ұйымдарға коммиссия төлеудің қажеті жоқ. Жүйедегі төлем комиссиялары кез-келген жердікінен төмен. Ол транзакцияланатын ақша көлемінің 0,1%-ын құрайды.

Сарапшылардың айтуынша, Биткоинның жалғыз ғана кемшілігі бар. Ол — әлемдің жағдайдың  криптовалютаға қатты әсер етуі. Биткоин курсының көтерілуі мен түсуі әр елдің үкіметі қандай мәлімдеме жасағанына байланысты. Бұл жоғарғы құбылмалылық пен қысқа мерзімді проблемаларды тудырады. Мысалы, сіз Биткоин сатып алдыңыз, ол бір айда 10%-ға түсіп кетті немесе тура керісінше болуы мүмкін.

Бастапқыда Биткоиндар тек математиктер, криптографтар және де компьютермен айналысатын адамдардың арасында ғана сұранысқа ие еді. Ол кезде Биткоин электронды ақшаның бар екендігінің дәлелі ғана болатын. 2009 жылдан бастап 1 Биткоин (BTC) 0,8 центке сатыла бастады. Алғашында Биткоинға деген сұраныс өте аз болатын. 2010 жылы мамыр айында ең бірінші 10 000 BTC-ға 2 пицца сатып алынды.

Мемлекеттердің криптовалютаға деген көзқарасы әр түрлі. Австралия, Германия, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Сингапур және АҚШ-тың кейбір штаттары Биткоинды ашық насихаттаса, Индонезия, Қытай, Ресей, Украина мемлекеттері шектеулер қойған. Ал жақында Еуропалық одақ электронды валютаға кеңшілік берді. Еуропалық сот  биткойн мен виртуалды басқада валюта операцияларына қосымша құн салығы салынбау керек деген шешім шығарды. Соттың мұндай шешімі арқылы дәстүрлі валюта мен виртуалды валютаға салық салу жоспары теңестіріледі.

Сондай-ақ, еуропалық сот виртуалды валютаны активтердің қай түріне жатқызуға болатыны туралы сұрақтарды қарастырды. Ұлыбритания биткойн валютаны ешбір қиындыққа қарамастан қолдады. Ал Швеция және Германия елдері және бірнеше елдің салық органдары биткойнды қосымша құн салығы төленетін келісімдер үшін жасалған тауар деп есептеді. «Соттың бұл шешімі биткойндарды ұлттық валютаның баламасы ретінде таныту үшін жасалған алғашқы қадам», — дейді Avalara компаниясының вице-президенті Ричард Асквит.

0 пікір
Мұрағат