Криптовалюта бағамы нарықтағы үрдіске емес, психологиялық факторға байланысты құбылады – зерттеу
Криптовалюта бағамы нарықтағы үрдіске емес, психологиялық факторға байланысты құбылады – зерттеу
4 ай бұрын 1132 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

2009 жылы пайда болған биткоинның бағамы бір долларға шаққанда 117 мыңнан асып кетті. Цифрлы актив бағамның ауытқуы экономикалық және саяси жағдайларғамен байланысты, дегенмен, Перм политехникалық жоғарғы оқу орнының (Ресей) сарапшылары негізгі факторды осы нарықтағы ойыншылардың психологиялық жай-күйінен көреді. Бұл жайында islam.kz порталы owncloud.pstu дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар ашкөздік пен сараңдық индексін (FGI) ескеретін нейрожелі LSTM (Long Short-Term Memory) және GRU (Gated Recurrent Units) негізінде биткоин бағамын болжайтын әдісті әзірледі. Бұл тәсіл болжамның дәлдігін 10%-ға көтерген. Криптовалюта бағамының шапшаң әрі күрт құбылуы және электронды ақша бағасының шарықтап көтерілуі сарапшылардың назарын өзіне аударды. Трендегі макроэкономикалық көрсеткіштерден бастап барлық экономикалық факторлар ескерілген. Осы арада жақша ішіне алып айта кететін бір жайт: цифрлы актив бұқараға әлі жете таныс емес, яғни, жаппай қолданыстағы ақша секілді бұқаралық сипат алмаған. Криптовалютаны әдеттегі ақшаны алмастыратынына сенетін топтардың бойында әлі күнге сенімсіздік бар – криптовалютаның болашағына деген. Сол себепті, оны сатып алу немесе сату арқылы бағымының қатты құбылуына ықпал етеді. Дәлірегі, криптовалютаның болашағына сенетіндер бағаның өсуіне себеп болып отыр. Мәселен, өткен жылдың наурыз айында биткоин бағамы Ethereum биржалық қоры үшін ETF-ті тікелей сатып алмастан инвестициялауды жеңілдетуі мүмкін деген сыбыс кезінде 71 мың долларға дейін өсті. Алайда, шілде айында оның бағам 56,7 мыңға дейін төмендеді. Бағаның төмендеуіне екі негізгі фактор себеп болған. Біріншіден, Германия үкіметі нарықтағы ұсынысты ұлғайта отырып, тәркіленген биткоиндерді сата бастады, екіншіден, он жыл бұрын банкрот болған Mt.Gox биржасының кредиторларына төлемдерді қайта бастады. Бұл жайт ірі криптовалюта иелері тарапынан қосымша қысымның пайда болуына. Екі оқиға да қысқа мерзімде нарықта биткоиндердің артық ұсынысын тудырды. Нәтижесінде биткоин бағасы төмендеді. 2024 жылдың қарашасында биткоин бағасы тағы өсе бастады және желтоқсанның 15-і күні оның бағамы 106,5 мың долларға жетті. Бұл жолы биткоин бағамы Ақ үй қожайыны Доналд Трамп әкімшілігінің оны Америка құрама штаттарының резервтік активі деп тануы мүмкін деген әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарындағы болжаммен байланысты өскенін айта кетпекпіз. Биыл да Bitcoin бағасы жиі өзгеріп, бір көтеріліп, бір түсті: сәуір және наурыз айларындағы ең төменгі мәндерге (80 мың доллардан төмен) құлдырады және шілдеде тарихта алғаш рет 120 мың долларға жетті. 2024 жылғы қараша айында биткоин АҚШ-тағы президенттік сайлау аясында алғаш рет 100 мың доллар межесін еңсерді. Өйткені, миллиардер Доналд Трамп криптовалютаны жақтайтын ықпалды тұлға.

0 пікір
Мұрағат