Көз жасынан қуатталатын батарея жасалды
Көз жасынан қуатталатын батарея жасалды
6 ай бұрын 1049 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Наниан технологиялық университетінің ғалымдары смарт контактілі линзаларға арналған ерекше батарея жасап шығарды. хабарлауынша, Ол адамның көз жасы арқылы зарядталады. Бұл жайында islam.kz порталы CNBC ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Технология авторларының бірі, Сингапур университетінің ғалымы Ли Сок Ву аккумулятор компоненттерінің өнеркәсібінде жұмыс істей жүріп, әріптестерімен ерекше құрылғы үшін қауіпсіз, миниатюралық батареяларды жасауға ден қойған екен. Контактілі линзаның қалыңдығы - 0,5 мм. Ол көзбен үнемі байланыста болады, сондықтан батарея ақылды және икемді болуы керек. Ғалымдар қалыңдығы шамамен 0,2 мм болатын аккумулятор жасай алды. Бұл адамның шашынан шамамен екі есе жұқа. Алайда, батареяның негізгі сипаты бұл да емес. Ең басты ерекшелігі – адамның көз жасынан қуатталады. Батарея көз жасының құрамында кездесетін және батареямен қапталған глюкозадан қуат алады. Адам неғұрлым көп жыласа, смарт линза соғұрлым ұзақ жұмыс істейді. Дегенмен, бұл әдісті қолданудың қажеттілігі болмайды. Зарядтау үшін биологиялық тұрғыдан үйлесетін тұз ерітіндісін пайдалануға болады. Егер сіз оған батареяны батырсаңыз, глюкоза натрий және хлорид иондарымен әрекеттеседі де зарядын арттырады. Ғалымдардың пікірінше, сегіз сағат химиялық заряд алған батарея бірнеше сағат жұмыс істейді. Әзірге аккумулятордың сыйымдылығы мен кернеуі төмен күйінде қалып отыр. Ол 0,6 В-тан аспайды, ал кәдімгі AA батареясы 1,5 В береді. Бірегей батареяның қуаты объективте немесе басқа тапсырмаларда деректерді сақтау үшін әлі жеткіліксіз, дегенмен, ғалымдар алдағы уақытта бұл олқылықты жояды.

Принцип работы батареи для линзы

Линза

0 пікір
Мұрағат