|
Көп ұзамай өлім-жітім көрсеткіші бойынша басқа ауруларды артқа тастайтын дерт аталды
|
Таяу жылдары қатерлі ісік өлім-жітім көрсеткіші бойынша жүрек-қан тамыр ауруларынан болатын өлім-жітімнен асатын болады. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Обырға қарсы халықаралық одақ директорлары кеңесінің мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, хирург Майра Калеффидің айтуынша, қатерлі ісік өлім-жітімнің негізгі себептерінің біріне айналған. Ал 2030 жылдарға таман өлім-жітім көрсеткіші бойынша бірінші орында тұрған жүрек-қан тамыр ауруларын артқа тастайды. Осылай деген ол әлі күнге дейін қатерлі ісік ауруын еңсеруге мемлеккеттер тарапынан жете көңіл бөлінбей келгеніне күйініш білдірді. Осының кесірінен әрі бұл тараптағы зерттеуге әрі ем-домға қаржының жеткілікті бөлінбеуінен қатерлі ісік алдыңғы орынға шығады өлім-жітім көрсеткіші бойынша. Емі жоқ қатерлі ісіктің алдын алу мен дер кезінде анықтау арқылы ғана осы дерттен болатын өлім-жітім көрсеткішін төмендетуге болады. Басқалай жолы жоқ.