Көп ұзамай ем қонбайтын ауру індетке айналады
Көп ұзамай ем қонбайтын ауру індетке айналады
6 жыл бұрын 5443 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Science мерзімді басылымында ағылшындардың Эксетер университетінің әрі Лондон қаласындағы империялық колледж ғалымдарының зерттеу мақаласы жарық көріпті - саңырауқұлақ дертін ем қонбайтын аурулар санатына жатқызған. Аталмыш ауру індетке айналып, өсімдіктер мен жануарларға, адамдарға қауіп төндірмек. Ғалымдардың тұжырымынша, саңырауқұлақ антибиотиктерге бой бермейтін супер бактерияға айналмақ. Яғни, ауыл шаруашылығы мен медицинада жиі қолданылатын саңырауқұлаққа қарсы дәрі-дәрмекке төзімділігі артады. Ғалымдар, сондай-ақ, саңырауқұлақ инфекциясынан опат болатындар қарасының сүт безі обыры мен безгектен көз жұматындар санынан асып түсетінін айтып отыр. Яғни, саңырауқұлақ инфекциясынан бақилық болатындар қарасы туберкулезден, ЖИТС дертінен қаза табатындар қарасымен теңеспек. 

Уикипедия электронды анықтамадан: 

Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар[өңдеу]

Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар тері ауруларының үлкен тобын құрайды. Бұл микроорганизмдер денені, бас, аяқ немесе қолды зақымдайды, бірақ көбінесе аяқтың башпайлары зақымдалуы мүмкін. Уақыт өте келе аяқ басының зақымдалған терісі терең жарылып, процесс тырнаққа өтуі мүмкін. Сонымен қатар саңырауқұлақты инфекция табан сүйелінің дамуына себепші болады. Бұл косметикалық кемшілік қана емес, жұқпалы вирус ауруы болып табылады.
Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар аллергиялық реакциялардың дамуына себепші болуы немесе аллергиялық ауруларды, мысалы, бронх демікпесінасқындыруы да мүмкін.
Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар адамнан адамға оңай беріледі. Бұл, әсіресе иммунитеті нашар қала тұрғындары үшін өзекті мәселе. Аяқты қысатын аяқкиім кию, қоғамдық моншаға, бассейнге түсу саңырауқұлақтар тудыратын аурулардың таралуына себепші болуы мүмкін. Жоғары ылғалдылық кезінде саңырауқұлақ теріге бөгетсіз енеді.[4]

Саңырауқұлақтар тудыратын аурулардың алдын алу[өңдеу]

  • Аяқты бактерияға қарсы сабынмен жуып, жақсылап сүрту;
  • Жазда ашық аяқкиім кию;
  • Синтетикалық материалдан жасалған аяқкиім кимеу;
  • Кроссовкамен ұзақ уақыт жүрмеу;
  • Басқа адамның киімін кимеу.[5]
0 пікір
Мұрағат