Көп қабатты ағаш үй (видео)
|
Жоғары технологиялы компания экологияға зияны жоқ немесе аз құрылғыны жасау үшін табиғи материалдарды пайдаланады. Alphabet конгломерат құрамындағы Sidewalk Labs мамандары өткен жылы ағаштан көп қабатты үй тұрғызуға бел байлаған болатын. Осы мақсатта Alphabet 900 млн долларды Торонто қаласында ағаштан тұрғызылуы тиіс тұтас бір квартал құрылысына бөлді. Арнайы өңдеуден өтетін ағаш әбден тығыздалады әрі отқа төзімділігін арттырады. Қазірдің өзінде Sidewalk Labs жобасы бойынша Ванкуверде ағаштан салынған 18 қабатты зәулім ғимарат бар. Барлық жағынан сапалы көп қабатты ғимарат болат пен бетоннан тұрғызылатын үй құрылысына кететін уақытқа қарағанда 35% тез салынады. Яғни, уақытта үнемдеу жағынан да, экологиялық тиімділік тұрғысынан да ұтымды. Бұдан бөлек, ағаштан тұрғызылған ғимараттың өзіндік құны да төмен - 40%. 2500 адамға жұмыс тауып берген аталмыш жоба 2026 жылы аяқталады.