Көкөністі үйде өсіруге арналған шағын ферма жасанды зерде негізінде жұмыс істейді (видео)
Көкөністі үйде өсіруге арналған шағын ферма жасанды зерде негізінде жұмыс істейді (видео)
9 ай бұрын 1038 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

AGWA компаниясы мегаполистердегі азық-түлік мәселесін шешуге арналған шағын үй фермасын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы ғасырдың орта шеніне қарай адамдардың көпшілігі қарқын алған урбанизация процесіне байланысты қалалық жерлерге көшеді және олар негізінен шағын пәтерлерде тұрады, мұндай құрылғы осындай тұрғындарға арналған. Мемлекетке немесе ірі бизнеске сену өте қауіпті - COVID-19 пандемиясының тәжірибесі өмірлік маңызы жоғары қажеттіліктермен қамтамасыз ету тізбегін үзетінін көрсетіп берді.Көкөніс пен жеміс-жидек балғын күйінде тағамдық құндылығын сақтайды. Бір үзгеннен кейін бірден тұтынбаса, дәрумендер мен микроэлементтер жойылады. Мұздатқыш олардың ерте солып, тез бүлінбеуі үшін ғана керек. Міне, осындай олқылықты ескерген ғалымдар жасанды зерде технологиясымен жабдықталған инновациялық құрылғыны жасады. Мәселен, шпинат жұлынғанына 48 сағаттан соң С дәруменінің 90 %-нан айырылады. Мына құрылғыда сіз көкөністі өсіру әуресінен құтыласыз. Барлық шаруаны құрылғының өзі атқарады. Шағын ферма көшеттердің жай-күйін қадағалайды, ылғалдылық деңгейін бақылайды, суғарады, артық күтім зиянын тигізбеуі үшін кей функцияларды уақытша ажыратады. Көкөніс пісіп-жетілгенде хабар береді.

Микроферма AGWA

Микроферма AGWA

0 пікір
Мұрағат