Климат өзгерісі адамды... семіртеді
Климат өзгерісі адамды... семіртеді
1 сағат бұрын 30 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Net/Ilustrasi

Көмірқышқыл газы фотосинтез арқылы өсімдіктің калориясын арттырады, яғни, қант пен крахмалдың көп мөлшерін қалыптастырады. Есесіне өсімдіктің ақуызы мен қоректік заттарын азайтады. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Лейден университетінің ғалымдары ғаламдық азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілсе де тағамның құнары жоғалатынын алға тартып отыр. Нәтижесінде адамзаттың едәуір бөлігі артық салмақтан, иммунитеттің төмендеуінен, созылмалы аурулардан зардап шегеді. Зерттеушілер өздерінің жаңа мета-талдауы үшін астық дақылдарын үй-жайда да, ашық далада да өсіріп көрген. Бұл тараптағы тәжірибе барысында CO2-нің түрлі деңгейінде өсірілген өсімдіктерге қатысты деректерін талдап, салыстырды, сараптамадан өткізген. Жалпы алғанда, ғалымдар күріш, арпа, картоп, қызанақ, бидай, соя, жержаңғақ және латук салатын 43 жеуге жарамды дақылды зерттеді. Талдау нәтижесіне сәйкес CO2-нің екі есе мөлшері бұл өсімдіктердегі қоректік заттарға да кері әсерін тигізген. Мырыш, темір және ақуыз сияқты негізгі қоректік заттардың құрамы орташа алғанда 4,4% -ға, ал кейбіреулері 38% -ға азайған. Сарапшылардың ескертуінше, күріш жер шары халқының жартысынан астамы үшін негізгі ауыл шаруашылығы дақылы, ал 2,5 миллиард адам бидай өнімдерін тұрақты тұтынады. Екі дақылда да ақуыз, мырыш және темір сияқты қажетті қоректік заттардың құрамының көмірқышқыл газынан едәуір төмендеп кеткен. Бұл бағыттағы зерттеу, сондай-ақ, сынап пен қорғасын сияқты зиянды заттардың шоғырлану деңгейі өсімдіктерде ұлғаюы мүмкін екенін көрсетті. Тұтастай алғанда, ғалымдардың қорытындылары біздің тағамымыздың калориясы жоғары және уытты болатынын көрсетеді. Зерттеу шеңберінде қаралған бұрынырақтағы тәжірибелер CO2 деңгейі бойынша бір миллионға шаққанда шамамен 350 бөлікте (ppm) жүргізілді, ал қазіргі заманғы тәжірибелер бір миллионға шамамен 415 бөлікте жүргізілді. "Біз миллионға шаққандағы 550 бөлікте не болатынын көрдік, - деп мәлімдеді аталмыш зерттеуге атсалысқан Лейден университетінің эколог-ғалымы Стерре тер Хаар. - Қазіргі уақытта біз 425 промилледе өмір сүріп жатырмыз". Яғни, ғалымның айтуынша, қазіргі уақытта атмосфераның көмірқышқыл газбен ластану деңгейі өсімдіктерге қауіпті. Бұл құбылыс “жасырын аштық” синдромын тудырады. Бір қарағанда, азық-түлік жеткілікті, алайда, аштық сезімінен арыла алмайды. Өйткені, өсімдік құрамында қоректік заттар төмендеп кеткен. Бұл жайт өз кезегінде денсаулыққа қауіпті.

0 пікір
Мұрағат