Климат өзгерісі адам ғұмырын қысқартады
|
Климат өзгерісі адам ғұмырын орташа есеппен алты айға қысқартуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы PLOS Climate мерзімді басылымында жарияланған Бангладештегі Шаһжәлел ғылым және технология университетінің экономисі Амит Рой мақаласына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалым 1940-2020 жылдар аралығындағы 191 елдегі орташа температура, жауын-шашын мөлшері және өмір сүру ұзақтығы туралы мәліметтерді сараптай келе осындай тұжырым жасап отыр. Ол жаһандық температураның Целсия бойынша бір градусқа жоғарылауы адамның орташа өмір сүру ұзақтығының шамамен 0,44 жылға немесе шамамен алты ай және бір аптаға қысқартатынын анықтады. Ол, сонымен қатар, температураның көтерілуін де, жауын-шашынның жиілігін де ескеретін климаттық өзгерістердің композиттік индексін жасады. Индекстің 10 тармаққа артуы орташа өмір сүру ұзақтығын алты айға қысқартатынына көз жеткізген. Дегенмен, дамушы елдердегі әйелдер мен халықтың кейбір әлеуметтік осал топтары бұл өзгерістерге көбірек ұшырайтын болып шықты.