Климат дағдарысынан ең көп зардап шегетін құрлық аталды
Климат дағдарысынан ең көп зардап шегетін құрлық аталды
11 ай бұрын 915 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Jae C. Hong / AP

Климат өзгерісінен 2050 жылға қарай ең көп экономикалық зиян шегетін аймаққа Азияны жатқызып отыр. Бүкіл әлемдік экономикалық форум сарапшылылары. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылардың пікірінше, Азиядағы климаттың өзгеруінен жалпы экономикалық шығын 3,5 триллион долларды құрауы мүмкін. Ең көп зардап шегетін аймақтар тізімінде екінші және үшінші орындарды Еуропа (2,6 трлн доллар) мен Оңтүстік Америка иеленді (2,2 триллион доллар) бағаланды. 2050 жылға қарай барлық аймақтардың жалпы экономикалық шығыны 12,5 триллион долларға жетеді. Сонымен қатар, климаттың дағдарысы 14,5 миллион адамның өмірін «қияды». Ең қауіпті табиғи апаттар су тасқыны мен құрғақшылық болады: 26 жылда су тасқынынан 8,5 миллион адам, ал  құрғақшылықтан 3,2 миллион адам опат болмақ. Аптап ыстықтан келетін қаржылық шығын 7,1 триллион долларды құрайды. Бұған қоса, құрғақшылық (3,2 триллион доллар) мен су тасқыны (1,6 триллион доллар) үлкен шығын әкеледі.

0 пікір
Мұрағат